​НАЗАРБАЕВ НАУРЫЗДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕСІН ЖИНАЙДЫ

Наурызда Елбасының қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің алқа мәжілісінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат .

«Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, 2014 жылы партияның саяси кеңесінде қоғамдық талқылаудан соң, 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Кейіннен бағдарлама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізі болды. «Nur Otan» партиясы фракциясының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық кеңестер туралы және басқа да заңдар қабылданды. Бүгінде 80 пайыздан астам мемлекеттік қызмет автоматтандырылды, еліміздің барлық аймағында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, цифрлық технологиялар енгізілуде. «Бір терезе» қағидаты бойынша құқық қорғау қызметтерінің орталықтары ашылуда», — деп тоқталды Б. Байбек агенттіктің 2019 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол партияның барлық деңгейдегі ресурстары қоғамда жалпы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын айтты.

«Партия тұрақты негізде жұртшылықты қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін өз алаңдарында жариялы түрде талқылайды. Биыл наурызда Елбасының қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Қаралатын мәселелердің бірі – партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы және партияішілік тәртіпті сақтау жайы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу қорытындысы шығарылады. Биыл біз партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыруды бастаймыз», — деді Бауыржан Байбек.

16:20
642

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020