КОРОНАВИРУСТЫҢ ҚАУПІН ЕСКЕРМЕУ САН СОҚТЫРУЫ МҮМКІН

Коронавирустық инфекция COVID-19 коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция. Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қауіпі бар ауру. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония , жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. Ауруға қарсы қандай да бір арнайы вирусқа қарсы емдеу немесе алдын алу құралдары жоқ. Көптеген жағдайларда(шамамен 80%) адамдар арнайы емдеулерсіз сауығып кетеді. Аурудың ауыр түрлері қарт адамдарда және демікпе, диабет және жүрек аурулары бар адамдарда дами алады. Төтенше жағдайларда өмірлік маңызды органдардың функцияларын қолдауға арналған құралдар қолданылады. Вирус құрамында вирусы бар тамшылар арқылы жөтелу немесе түшкіру кезінде, сондай-ақ көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі арқылы таралады. Алдын алудың тиімді шараларының қатарына қолды жиі жуу және респираторлы гигиена ережелерін сақтау жатады. Шамамен 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану қажеттілігін тудырады.

Эпидемияға байланысты Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Жағдай тез дамып, күн сайын ауырғандар мен қаза болғандар саны артып келеді.

Алдын алу шаралары

Қазіргі уақытта Коронавируска қарсы вакцина дайындалып, 2021 жылдың ақпан айынан бастап екпе жұмыстары басталады.

Коронавирустан қалай сақтану керек?

  • Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
  • Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.                                                                      Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, жедел респираторлы белгілер пайда болса бірден дәрігерге жүгінуі керек. Медициналық көмек симптомдарды жеңілдетуге және аурудың әрі қарай дамуына жол бермеуге көмектеседі. Өз білгенімше үй жағдайында ем қабылдаймын деп, коронавирустың қаупін бағаламай, уақытыңызды жоғалтып сан соғып қалмаңыз!
  • Мөлдір ӘЛІБЕК,                                                                                                                                Жезқазған қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері
08:46
566

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020