ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАРЫ

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бектайұлы ӘБСАТТАРОВТЫҢ халық алдындағы есебі

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!

2021 жылдың басы баршамыз білетіндей, еліміз үшін маңызды саяси оқиға ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауымен басталды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар өтеді. Біз бар күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың өмір сапасын арттыру мен әл-ауқатын көтеру» деді. Сондай-ақ, ол «халықтың әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың толық жүзеге асуы мен нақты нәтижелер күтіп отырғанын» да атап өтті.

Жезқазған қаласының әкімдігі бұл маңызды міндеттерді орындауға тың қарқынмен кірісті. Биыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Ел тарихындағы бұл маңызды кезеңге орай іс-шаралар ұйымдастырылып, нақты жобалар жүзеге асырылмақ. Тұтастай алғанда қаланың экономикалық көрсеткіштері қалыпты, бұл бізге дамудың жаңа көкжиегін айқындауға мүмкіндік береді. Біздің жоспарларымыз өмірдің барлық саласында нақты шараларды жүзеге асыруға, әрбір адамның өмірінің жақсарғанын сезінуіне бағытталған. Ол жоспарлардың біршамасы биыл «Жезқазғаннның 70 жылдығына 70 игі іс» жобасы аясында бастау алмақ. Жобаның тұсаукесері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырылады.

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дейді халық даналығы. Біз барлық жоспарларымызды сіздермен бірге жүзеге асыратын боламыз. Ондай ақылдасу алаңының бірі – осы қала әкімінің атқарылған жұмыстар жөніндегі тұрғындар алдындағы дәстүрді есебі.

2020 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы

Жыл қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Өнеркәсіп өсімі 15,5, инвестициялар 20, ауылшаруашылығында 13,2, құрылыста 16, сауда-саттықта 25 пайыз өсім байқалды.

Жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық тармаққа төмендеп, 4,7 пайызды құрады, орташа еңбекақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 187086 теңгеден 219737 теңгеге дейін немесе 17,5 пайызға артты.

Экономиканың өсімі бюджет саясатына да оң ықпалын тигізуде.

2020 жылғы қала бюджеті 106,9 пайызға орындалды, оның ішінде кіріс бөлігі 1 млрд. 924 млн. теңгеге артық орындалып, 27 млрд. 725 млн. теңге игерілді.

2021 жылдың бюджеті 22 млрд. 400 млн. теңге көлемінде бекітіліп, онда қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттары айқындалды.

Өнеркәсіп

2020 жылы экономиканың нақты секторының дамуында оң тенденция сақталды.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 611 млрд. теңгенің өнімін шығарып, өткен жылмен салыстырғандағы өсім 115,5 пайызды құрады. Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 13,5 пайызға артып, 578 млрд теңгені құрады.

2021 жылы да осы динамика сақталып, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 620 млрд теңге шамасында болады деп болжануда.

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүруде.

2020 жылы қала экономикасына 37 млрд. 570 млн. теңге теңге инвестиция құйылып, өсім 20 пайызды құрады, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі – 19 млрд. 900 млн. теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі өнеркәсіпке бағытталған – 10 млрд. 800 млн. теңге.

2021 жылы жалпы инвестиция құны 18 млрд.теңге болатын 3жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл 350 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ол мына жобалар:

1) «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Қара мыс концентратын гидрометаллургиялық қайта өңдеу тәжірибе зауыты құрылысы»;

2) «Қазхимсинтез» ЖШС өнеркәсіптік реагент шығаратын химиялық зауыт құрылысы»;

3) «KazGreenEnergy» ЖШС биоэлектр стансасының құрылысы».

Бұл жобалар іске қосылған соң негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 18 млрд.теңгеге артады.

Индустриялық-инновациялық даму аясында 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Оларда 652 жұмыс орны құрылып, 3 млрд.200 млн.теңгенің өнімі шығарылды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 35 пайызға артық.

Картадан тыс «С и Жест» ЖШС-ның «Құрылыс материалдарын шығаратын зауыт құрылысы» инвестициялық жобасы іске қосылып, 450 млн.теңге инвестиция тартылды, 15 жұмыс орны ашылды.

Агроөнеркәсіптік кешен

Есепті жыл ішінде ауылшаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артып, 6 млрд.525 млн.теңгені құрады.

Ірі қара мал басы 18,2 пайызға, ұсақ мал 15,6 пайызға, жылқы 23,1 пайызға өсіп, ет өндіру 3,6 пайызға, сүт өнімдерінің көлемі 8,2 пайызға артты.

Қаланың ауылшаруашылығын дамытуға «Сыбаға» және «Алтын асық» бағдарламаларының жүзеге асуы үлкен қолдау көрсетуде, осы бағдарламалар аясында 21 шаруа қожалығы жалпы көлемі 16 млн.теңге болатын субсидия алды.

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 млн. теңге болатын 11 микрокредит берілді.

Өз ісін ашу және жұмыс істеп тұрған шаруа қожалығын кеңейту мақсатында «Бөрібаев» және «Бақыт» шаруа қожалықтары өз қаражаттары есебінен 355 мүйізді ірі қара, 800 бас қой мен 100 бас жылқы сатып алды.

Ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында шаруа қожалығын және фермерлік шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін ұсыну бойынша 38 (56 854 гектар) жер учаскесі берілді.

Шағын және орта бизнесті дамыту

Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – біздің жұмыстың маңызды бағыттарының бірі.

ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі 15 пайыздан асады, ал түсімдердің жалпы көлеміндегі үлесі – 36 пайыз.

Кәсіпкерлік саласында 14 мыңнан астам адам еңбек етеді – бұл қала халқының экономикалық белсенді бөлігінің үштен біріне тең.

2020 жылы қалада 1 млрд.600 млн.теңге болатын 27 шағын және орта бизнес нысаны ашылып, жаңа 130 жұмыс орны құрылды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жалпы құны 812 млн.теңге болатын 37 жобаға қолдау көрсетіліп, 157 жұмыс орны сақталды, жаңадан 56 жұмыс орны ашылды.

« Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 260 млн.теңгенің 2 жобасына қолдау көрсетіліп, 15 жаңа жұмыс орны ашылды.

Биыл жалпы сомасы 1 млрд.800 млн.теңге болатын 29 нысан ашылып, жаңадан 142-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.

Халыққа қолайлы жағдай туғызу, сондай-ақ, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 2020 жылы наурыз айында «Шаруа» базарын қайта құрылымдау аяқталды. Биыл осы бағыттағы жұмыс «Нарық» және «Мерей» базарларында жалғасады.

Бірінші кезектегі азық-түлік бағасының өсуін тежеу мақсатында 2020 дылы жалпы инвестиция құны 80 млн. теңге болатын 8 «ULҮ DALA» мини-маркеті ашылды, онда жаңадан 24 жұмыс орны құрылды. Биыл тағы осындай 2 мини-маркет пен инвестиция көлемі 950 млн.теңге болатын, жаңадан 50 жұмыс орны ашылатын, азық-түлік бағасы нарықтағыдан 5-10 пайызға төмен болатын «Самади» гипермаркетін ашу жоспарлануда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту мүлдем жаңа талаптарға ие.

Осыған байланысты 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда нарықта сұранысқа ие біліктілік пен дағдыларды иеленудің, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың, еңбек арақатынасының тиімді моделін құрудың жаңа жүйесін құруға бағытталған.

2020 жылы жалпы сомасы 152 млн.теңге болатын, жаңа 55 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 20 жобаға қолдау көрсетілді.

1518 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 822-сі – тұрақты немесе жоспардың 148 пайызына тең.

Жұмыспен қамту шараларының арқасында барлығы 3 899 жұмыссыз жұмыспен қамтылды. 145 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 155 адам жастар практикасына жолдама алып, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 763 адам тартылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,2 пайызға артық. Қысқамерзімді оқыту курстарына 71 адам жолданды.

Қолға алынған іс-шаралардың арқасында жұмыссыздар саны 339 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан 4,7 пайызға төмендеді. 2021 жылы жаңа 1 030 жұмыс орнын, оның ішінде 272 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада көп балалы аналарға жаңа жәрдемақы енгізілді.

Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алу үшін 372 отбасы немесе 1683 адам өтініш білдіріп, оларға жалпы сомасы 153 млн.теңге болатын арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

АӘК алатындар арасынан белсенді жұмыспен қамту шараларына 182 адам тартылып, 162 адам жұмыспен қамтылды.

2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылар саны 50 пайызға немесе 371 отбасыға (1 830 адам) азайғанын атап өту керек.

1-ден 6 жасқа дейінгі балалары бар арнаулы әлеуметтік көмек алушылар кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілді.

2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап аталған қызмет Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін болады. Арнаулы әлеуметтік көмек алушылар 100 пайыз электронды-цифрлы қолтаңбамен қамтамасыз етілген.

Қалада 1 376 көпбалалы ана бар, олардың 1 019-ы тегін жол жүру билеттерін алды.

2020 жылғы 26 наурыздан бастап Жұмыспен қамту орталығы жанында «Жанұя» көпбалалы отбаыларды қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталықта білікті психолог қызмет көрсетіп, мамандар АӘК алу, оқу, жұмысқа тұру, өз ісін ашу жөнінде кеңестер береді. Орталықта 375 адамға кеңес беріліп, 5 «тікелей эфир» өткізілді, сондай-ақ, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Пандемияға байланысты Мемлекет басшысы елде Төтенше жағдай жариялап, шектеу шаралары енді. 5 категория бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау мақсатында 24 мың адамға жалпы сомасы 134 млн.теңге болатын материалдық көмек көрсетілді.

42500 теңге болатын бір реттік әлеуметтік төлем 1 621 адамға аударылды. Қалалық штаб 2 315 өтініш қарап, олардың 1 621-і (2 099 адам) мақұлданды. Аталған төлем Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді.

Республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының бастамасымен 50 мың теңге көлемінде 5 мыңнан астам адамға 290 млн. теңге болатын материалдық көмек көрсетілді.

Өзара түсіністік және әріптестік жөніндегі облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасында қол қойылған меморандумға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан 1 753 адам жалпы сомасы 53 млн. теңге болатын бір реттік материалдық көмек алды.

2020 жылды ел Президенті Қ.Тоқаев Волонтер жылы деп жариялаған болатын. Бұл біздің қаламызда да волонтерлықтың рөлін арттырды. Президентіміз атап өткендей, волонтерлар шын мәнінде қайырымдылықтың, шынайылықтың, қарапайым адамдарға деген жанашырлықтың символы бола білді. Егер 2020 жылдың басында қалада 200 волонтер болған болса, 3 айдан кейін олардың саны 500-ге дейін өсті. «Бірлік» волонтерлар орталығы жұмыс істейді.

Пандемия кезінде қала волонтерлары қаланың 2 мың тұрғынына көмек көрсетті. «Індетпен күрес» қоры құрылып, қор қысқа мерзім ішінде қажетті медициналық аппараттар алу үшін 12 млн.теңге қаражат жинады. 250 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Волонтерлар күні қарсаңында 100 ең белсенді волонтер «Алтын жүрек» төсбелгісімен, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 6 адам «Халық алғысы» медаліне ие болды. Қалада қайырымдылық акцияларына белсенді қатысатын кәсіпкерлер қатарының артуы қуантарлық жағдай болып отыр.

Қаланың коммерциялық құрылымдары аз қамтылған отбасылар, қарт кісілер, мүгедектер және мүгедек балалар қатарынан 7 мыңнан астам адамға 300 млн.теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үлестіруші зейнетақы 7 пайызға артып, оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері 5 пайызға артып, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрады, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер көлемі күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты 5 пайызға артты.

2019 жылмен салыстырғанда мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар саны 1,4 пайызға артып, 4 574 адамды құрады.

Үйінен оқитын 37 мүгедек балаға 869 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Арнайы әлеуметтік жәрдемақы алатын 12 жалғыз басты зейнеткер мен мүгедек тұлғаға 377 мың теңге көлемінде өтемақы төленді.

Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерді, мүгедектер мен зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау жергілікті атқарушы органдардың басты назарында қала бермек.

Жалпы сомасы 100 млн теңгеге 2 мыңнан астам тұрғынға әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға артық. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мен оңалтуға көп көңіл бөлінді. 2020 жылы 152 адам сурдо-тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілсе, 107 адамға арба берілді, санаторлық — курорттық емделуге жолдамамен 162 адам жіберілді.

Мүгедектігі бар 191 бала мен 325 жалғыз басты мүгедек зейнеткерлерге үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру да жалғасуда.

Білім беру

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымдық деңгейін жақсарту мақсатында 2020 жылы 283 млн теңгеге 7 балабақшаның шатыры мен терезелеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында №14 «Балдырған» балабақшасының ғимаратына 148 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде балабақша ғимараттарының тозу көрсеткіші 60%-дан 50%-ға дейін төмендеді.

2021 жылы №№1,10 балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізіледі.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту көрсеткіші жеке меншік балабақша қатарының көбеюі есебінен 77,2%-ды құрады.

2021 жылы 320 орындық жаңа балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен бірге, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өз қаражаты есебінен жалпы жобалық қуаты 880 орындық болатын 4 балабақша салынады. Нәтижесінде балабақшамен қамту 94%-ға жетеді.

Орта білім беру саласында 2020 жылы 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, Қарағанды облысы білім басқармасының дарынды балаларға арналған «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-не берілді. Ауылдық жерлердің дарынды балаларына осы мектепте білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында жатақхана құрылысы жоспарлануда.

Бастауыш сынып кабинеттері, робототехника, интерактивті панельдер, инклюзивті сыныптар мен мектеп асханаларына арналған жабдықтар, спорттық тауарлар сатып алынды. Мектептер 100% жаңа модификация кабинеттерімен қамтамасыз етілген.

Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші облыстық деңгейге жетті – 1 компьютерге 4 оқушы. Бұндай көрсеткішке жергілікті бюджет қаражаты есебінен 171 млн теңгеге 575 компьютер, республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 714 ноутбук сатып алу және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің демеушілігімен берілген 399 ноутбук арқылы қол жеткізілді.

Өткен жылы №№3, 21 және Кеңгір селосындағы №2 мектептер, № 26 гимназия күрделі жөндеуден өтті. Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде №7 мектеп-лицейдің кәріз желілері, №4 орта мектептің қоршауы ауыстырылды. Соның нәтижесінде мектеп ғимараттарын жаңарту көрсеткіші 57%-дан 74%-ға ұлғайды.

2021 жылдың бюджетінде жалпы сомасы 348 млн теңге №9, 133 мектептердің күрделі жөндеуі, сонымен қатар, балабақшалар мен шағын орталықтар үшін жиһаз бен ас үй жабдықтарын сатып алуға қаржы қарастырылған. Осылайша, жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарын жаңарту 80% — ға артады.

Апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында Теректі стансасында құрылысы басталған 80 орындық мектепті 2021 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету – білім беру саласының негізгі міндеті. 2020 жылы мектеп бітіруші 502 түлектің 455 — і жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Оның ішінде 275 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды, бұл жоғары оқу орындарына түскендердің жалпы санының 60%-ын құрайды. Облыстық пәндік олимпиадада 10 оқушы, республикалықта 6 оқушы топ жарса, халықаралық олимпиадада 1 шәкіртіміз жеңімпаз атанды.

Білім беру және тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз етуде педагогтердің алар орны ерекше. Өткен жылы алғашқы болып №8 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алма Топышқызы Блялова «Қарағанды облысы білім саласының құрметті педагогі» атағына ие болды, №13 жалпы білім беретін орта мектептің биология мұғалімі Гүляйша Сауырбайқызы Ералиева «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды, 5 педагогтің есімі «Қарағанды облысының Білім берудегі 100 жаңа есім» энциклопедиясына енді.

Денсаулық сақтау

Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту денсаулық сақтау саласының негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Covid – 19 пандемиясына байланысты медицина саласында анықталған кемшіліктерді жою барысында қаланың медициналық ұйымдары заманауи медициналық техникамен жабдықталды. Олар: 2 цифрлық рентген аппараты, 17 ӨЖЖ, 305 оттегі концентраторы, 247 пульсоксиметр, 2 компьютерлік томограф.

Аталған медициналық жабдықты сатып алу науқастарды тексерудің қолжетімділігін арттырып, ауруды уақтылы анықтауға, аурудың ауыр түріне ауысуға жол бермей емдеуге мүмкіндік береді.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін инфекциялық орындардың жеткілікті қорын құру мақсатында 2020 жылдың қазан айында жалпы сметалық құны 7,2 млрд теңге болатын 200 орынға шақталған заманауи модульдік инфекциялық орталық ашылды.

Жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін орталықтандырылған медициналық газдың 138 оттегі нүктесі Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасына, 200 нүктесі модульдік инфекциялық орталыққа орнатылды.

Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын ерте анықтау және алдын алу мақсатында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен 2020 жылдың маусымында «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС базасында гендік-молекулалық зерттеулер зертханасы ашылды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ұтқырлығын арттыру және жедел жәрдем станциясының шақыртуларына қызмет көрсету үшін 7 автокөлік сатып алынды.

Денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойылған міндеттерді іске асырудың негізі кадрлық әлеует болып табылады.

Қаланың медициналық ұйымдарына 10 жас маман келді.

Облыс әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында Жеңіс көшесі 3 А мекенжайын бойынша орналасқан тұрғын үйден денсаулық сақтау мамандарына 20 пәтер беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, тағы 23 жас маман келеді деп күтілуде. Ағымдағы жылы медицина саласының қызметкерлеріне Гагарин көшесіндегі 70/2 үйден жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 28 жайлы пәтер беріледі.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Пандемия мәдениет, өнер және спорт мекемелерінің қызметіне де айтарлықтай түзетулер енгізді.

Өткен жылы онлайн форматта мыңнан астам мәдени-демалыс іс-шарасы өткізілді. 62 спектакль қойылды, бұл ретте театр репертуары үш жаңа спектакльмен толыққанын айта кеткен жөн.Қаланың көркемөнерпаздар ұжымдары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі 20 түрлі фестиваль мен байқауға қатысты. Халықаралық «Pro tancy» байқауында «Диндалле» халық ансамблі байқаудың бас жүлдесіне ие болды, Финляндияда өткен халықаралық вокалистер байқауында Қазақстан Республикасының атынан шыққан «VIVO» ансамблінің солисі І орынды иеленсе, республикалық «Мәңгілік ел алыптары» атты байқауда «Шалқыма» хореографиялық ансамблі бас жүлдені, «Кербез» би тобы республикалық «ART-dance.kz» байқауында І орынды қанжығасына байлады.

Жезқазғанда шығармашыл, талантты да дарынды тұлғаларға ерекше көңіл бөлінеді. 2020 жылы мәдениет пен өнердің 4 үздік қызметкері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды. С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы-драма театрының режиссері Мируана Жанботаева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, театр әртісі Құрман Игібаев «Үздік эпизодтық рөлі үшін» номинациясымен және Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығымен марапатталды. Халықтық ансамбльдің көркем жетекшісі Валентина Ким «Көркемдік ұжымның үздік жетекшісі» номинациясының, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев «Алтын жолақ» номинациясының иегері атанды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында азаматтардың рухани дамуына қолайлы жағдай жасау үшін Теректі стансасындағы ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтті.

Жезқазған қаласының туристік әлеуетін дамыту бойынша өңірдің киелі және сакралды жерлердің туристік бағыттары әзірленді. Онда Жошы хан мен Алаша хан, Домбауыл, Теректі әулие және басқа да кесенелер енді. Жалпы, туристік бағыт картасына тағы 8 тарихи ескерткішті кіргізу көзделіп отыр. Бұл Ұлытаудың тарихи-мәдени мұрасына көзбен көруге мүмкіндік бермек. Жоспар бойынша біздің аймаққа жылына 3 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.

Жезқазған қаласында тілдерді қолдануы мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жасайды. Орталықта қазақ, орыс және ағылшын тілдері тегін үйретіледі. 2020 жылы 20 топ құрылып, онда 301 тыңдаушы оқытылды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2% артқан.

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Осы атаулы күнге арналған іс-шаралар шеңберінде республикалық ақындар айтысын, халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің «Ұлытау үні» фестивалінің 30 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жоспарлануда.Сонымен бірге, Жезқазған-Ұлытау өңірінің шығармашыл тұлғаларына арналған «Руханият» аллеясының, Ұлы Абай ескерткішінің, «Алаш қайраткерлері» композициясының ашылуы тағы бар.

Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында көпшіліктің қазақ халқының қалыптасу тарихының маңызды кезеңдерінің біріне қызығушылығын арттырып, келушілерді тарту мақсатында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы басталды. Нысанның жалпы сметалық құны – 1,4 млрд теңге Құрылыстың аяқталуы 2021 жылдың маусымына белгіленген,

Аталған жобаны іске асыру кезінде 226 жұмыссыз тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Дене шынықтыру және спорт

Бүгінде қала тұрғындарын спортпен және дене шынықтырумен айналысуға тарту маңызды болып отыр.

2020 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны 28 914-ке жетті немесе 30,6% құрады.

Бізде спорттың 26 түрі дамыған. Олардың 11-і – олимпиадалық спорт түрі, 6-уы – олимпиадалық емес спорт түрі, 3-еуі – ұлттық спорт түрі.

Қалада спорттық-сауықтыру кешені, «Таэквондо», «НАМЫС» спорт кешендері мен екі бірдей облыстық мамандандырылған спорт мектебі ( Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі (1 930 бала, спорттың 5 түрі), балалар мен жасөспірімдердің байдарка және каноэда есуден мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорт мектебі (386 бала, спорттың 1 түрі)) сынды спорт нысандары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының спорт күніне орай онлайн-жарыстар ұйымдастырылды. Оның нәтижесі бойынша 4 спортшы мен бапкер-жаттықтырушы үздік атанып, «Олимпиадалық спорт түрі бойынша Жылдың үздік спортшысы», «Олимпиадалық спорт түрі бойынша Жылдың үздік жаттықтырушысы», «Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша Үздік жаттықтырушы» және «Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша Үздік спортшы» номинацияларымен марапатталды.

Ағымдағы жылы біз құрылысы былтыр басталған 320 орынға шақталған спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтаймыз. Нысанның жалпы сметалық құны – 1 млрд 700 млн теңге. Спорттық-сауықтыру кешенінде қала тұрғындары көптен күткен бассейн, сондай-ақ басқа да спорт және ойын залдары болады. Біз халықтың жан-жақты физикалық дамуына ықпал етіп, көрсетілетін спорттық қызметтердің сапасын арттыруды мақсат тұтамыз.

Құрылыс

Соңғы жылдары көп қабатты тұрғын үй құрылысы қарқын ала бастады. Бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік беріп отыр.

2018 жылы республикалық бюджет есебінен 2 көпқабатты тұрғын үй (Сәтбаев көшесі 70 Б – 36 пәтер, (жалға), Гагарин көшесі 74 – 30 пәтер (несиелік), 2019 жылы несиелік 18 пәтерлі бір үй (Шевченко көшесі 23 А), ал 2020 жылы жалға берлетін 60 пәтерлі бір үй (Алашахан даңғылы 34 Д) салынып, түрғындар игілігіне берілгені өздеріңізге белгілі.

Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 7,9 мың шаршы метр болатын тағы 3 көп қабатты тұрғын үйдің (Алашахан даңғылы, 34 И, 34 К, Байқоңыров көшесі, 28 А) құрылысын аяқтау жоспарлануда. Аталмыш үйдің пәтерлері тұрғын үй кезегіндегі 108 отбасына беріледі.

Сонымен қатар, бізде жеке құрылыс салушылар есебінен бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы дамуда. 2019 жылы 30 пәтерлі бір көп қабатты тұрғын үй (Есенберлин көшесі 5/3), 2020 жылы 3 тұрғын үй (Алашахан даңғылы 22 Е – 50пәтер, Деев көшесі 7А, – 30 пәтер, Жеңіс көшесі 3А – 30 пәтер) салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жалпы ауданы 5 700 шаршы метр болатын тағы екі көпқабатты тұрғын үйдің (Анарқұлов көшесі 7А – 40 пәтер, Жеңіс көшесі 11А – 30 пәтер) құрылысы жоспарланған.

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы жеке тұрғын үй секторына кәріз және байланыс желілерін тарту жұмыстары басталды. Жобаның жалпы сомасы – 630 млн теңге.

2020 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін 501 жер учаскесін үлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталғаннан кейін Кеңгір селосында жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға жер учаскелерін беру басталады.

Өткен жылдың қорытындысы нәтижесінде баспанаға мұқтаждығы барларға көп қабатты түрғын үйден 78 жаңа пәтердің, көп балалы отбасылар үшін сатып алынған 17 пәтердің кілті табысталады, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін 25 жер учаскесі беріледі. 22 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы (тұрғын үй кезегінде тұрғандарды «Отбасы банкі» арқылы жеңілдікпен несиелеу) аясында баспаналы болды.

Аумақтық даму

Жезқазған өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау қаладағы жағдайды жақсарып, жаңа маңызды жобалар іске асыруға жол ашты.

Біздің қалада 9 бөлім бойынша 52 млрд.теңгеге 32 жоба қарастырылған. Кешенді жоспарды іске асыру басталғалы бері 7 жоба орындалып, 25 млрд.теңге игерілді. Олар:

  • 1)Техногенді минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге тарту;
  • 2)«ULY DALA» гипермаркетін салу;
  • 3)Аумағы 7 га болатын «Жастар» саябағын қайта жаңарту;
  • 4)Емхана қалашығын қалпына келтіру;
  • 5) Жезқазған қаласында «GARDEN HALL» мәдени-сауықтыру орталығын салу; 2021 жылы 14 млрд теңгеге 8 жаңа іс-шара жоспарланды.
  • 6) Кеңгір су қоймасының 104 га ауданына жасыл желектер отырғызу;
  • 7)Жезқазған қаласында 900 орынға шақталған жалпы білім беретін орта мектеп салу;

2021 жылы 14 млрд теңгеге 8 жаңа іс-шара жоспарланды.

1) Қаланың канализация жүйесін қалпына келтіру;

2) Су құбырлары жүйесін қалпына келтіру;

3) Кеңгір елді-мекенінде 140 орындық балабақша салу;

4) Ескек есу спортына арналған спорт кешенін салу;

5) Қатты тұрмыстық қалдықтарды жаңғырту;

6) Жезқазған қаласындағы көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізу;

7) Жезқазған қаласында құтқару станциясының құрылысын бастау;

8) Жезқазған қаласындағы 4 автомобильге лайықталған өрт сөндіру бекетінің құрылысы.

Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы

Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылады.

Қала орталықтандырылған сумен және жылумен толық қамтамасыз етілген. Қаланың 6 ауылдық елді мекені 75% орталықтандырылған сумен, 25% ағынды суларды бұрумен қамтылған.

Өткен жылы «ПТВС» АҚ 18 мың метр жылу желілерін, 13 мың метр су құбырларын, 2 мың метр кәріз желілерін жөндеді.

«Қазақмыс Дистрибьюшн» ПЭС ЖШС-нің көмегімен электр желілері мен жабдықтарын қыс маусымына дайындалды. 236 км электр желісі мен 98 подстанция жөнделді

651 көп қабатты тұрғын үй, 37 білім беру, 11 денсаулық сақтау, 10 мәдениет саласының және 4 спорт нысаны жылыту маусымына уақытылы дайындалып, 2020-2021 жылдардың жылыту маусымы 2020 жылдың 10 қазанында басталды.

«Нұрлы-Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың 1 және 2 кезеңіндегі жылу желілерін қайта құру және жаңғырту жалғасуда. Жобаны іске асыру мерзімі 2019-2021 жж. Ауыстырылатын желілердің ұзындығы 1-кезеңде 6 км, 2-кезеңде 11 км-ді құрайды.

Бүгінде қала тұрақты жағдайда сумен қамтылуда. Жезқазған қаласының сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 400 км, желілердің тозуы орта есеппен 70%-ды құрап отыр.

Желілік тозу мәселесін шешу үшін өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес 1,2,3- желілерінің жалпы ұзындығы 219 км болатын қалааралық сумен жабдықтау желілерін қайта құру жалғасуда.

Жобалар басталғаннан бері 133 км сумен жабдықтау желісі қайта жаңартылды, бұл 61%-ға тең.

Приестационный, Аварийный елді мекендері және 5-округтің 7 көшесі (5-ші аудан – тек санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылды (жаңа қалаішілік желілерге). Биыл 4, 5, 6, 61-66-орамдар мен Геологиялық елдімекенін де қосу жоспарда бар.

Аталған жобаны жүзеге асыру ауыз судың шығынын 33-тен 18%-ға дейін, сумен жабдықтау желілерінің тозуын 72-ден 36% -ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жобалар 2023 жылы толық аяқталады деп күтілуде.

Жезқазған қаласын сумен қамтамасыз ететін негізгі су көздері –сыйымдылығы 319 текше метр-ге тең Кеңгір су қоймасы мен Үйтас-Айдос жер асты сулары.

Бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясының бас жобалау институты «Үйтас-Айдос жер асты сулары кен орнын қайта құру» жобасын әзірлеуде. Бұл жоба аяқталғаннан кейін «Қазақмыс» корпорациясы «Кожамсейіт жер асты сулары кен орнын салу» жобасын дайындамақ.

Қаланы басты сумен қамтамасыз етіп отырған Кеңгір су қоймасы суының жыл сайын азайып келе жатқанын ескерер болсақ, Қожамсейіт жер асты сулары кен орнын игеру жобасының жүзеге асуы – тұрғындар игілігі үшін ең маңызды қадамдардың бірі болмақ. Су қабылдағыштың құрылысы ауыз судың сапасын және қаланы сумен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді жақсартуға мүмкіндік береді. 2019 жылы «Жезқазған қаласының сумен қамтамасыз етілуін ескере отырып, Есқұла су қабылдағышын қайта құру» жобасы жасалды. Сараптаманың оң қорытындысы алынды (2020 жылғы 27 ақпандағы No 01-0111 / 20 мемлекеттік сараптама). Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитеті тарапынан қаржы да бөлінді. Мердігер ретінде «СК-KazAlem» ЖШС таңдалды.

«Жезқазған қаласының сумен қамтамасыз етілуін ескере отырып, Есқұла су құбыры құрылысын бастау» жобасы (№ 2 түзету) «Қазақмыс» корпорациясының бас жобалау институты мен Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитетінің қаражаты есебінен әзірленді. Жобаға 2 миллиард теңге бөлініп, «СК Megaron» ЖШС мердігерлік міндетті мойнына алды.

Жобаға жаңа сорғы станциясының құрылысын аяқтау, гипохлорлау, хлорлау, су қоймалары, 3-көтергіштің сорғы станциясынан Жезқазған қаласына дейінгі су құбырын тарту (16 км) кіреді.

Ауыз суды тазарту құрылғыларын қайта қалпына келтіру жұмыстары (3 кезең) жалғасуда. 1700-ден 4600 текше метрге дейін 5 таза су қоймасы, 5 шақырым жердегі желілер салу және 2 көтерілумен сорғы станциясын қайта құру жоспарлануда. Жоба 2023 жылы аяқталады.

Жаңа техникалық құралдарға көшу арқылы сапалы коммуналдық қызметтерге қол жеткізу өте маңызды. Қалада 858 үйде есепке алу құралдары бар, оның ішінде 414-і – суық сумен жабдықтау үшін, 444-і – жылу энергиясы және сумен жабдықтау үшін. Қазіргі уақытта 22 ПИК балансына 319 жылу есептегіш құралды (72%) қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлші де жалғасатын болады.

Барлық елді мекендерді абаттандыруға баса көңіл бөлінеді. Осы мақсатта 2020 жылы облыстық бюджеттен 722 млн теңге бөлінді. Қалада 65 көп пәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырлары жөнделді. Оның ішінде 58-і «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Сондай-ақ аталған бағдарлама көмегімен Кеңгір ауылында ойын алаңдары бой көтерді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңдары жабдықталды (30 дана), оған 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінді. Бұл бойынша барлығы 29 жоба жүзеге асты.

Ғарышкерлер бульварына, Алаш алаңына, Гагарин, Тимирязев, Есенберлин көшелеріне, Байқоңыр қонақ үйі маңына, 1,4,5,6-орамдағы көшелер мен республикалық маңызы бар Қарағанды-Жезқазған тас жолы бойына және № 3-айналым жолынан Балқаш, Кеңгір, Теректі ауылдары мен Пристанционный кентіне дейін жарықшамдар орнатылды.

Қаладағы кезек күттірмейтін негізгі маңызды мәселелердің бірі – апатты үйлердің тұрғындарын көшіру. Қалада жалпы ауданы 1 564 мың шаршы метрді құрайтын 654 көппәтерлі тұрғын үй болса, онда 22 554 пәтер бар. Оның ішінде 558 үйге 22 пәтер иелері кооперативі көмегіне жүгінсе, 96-сы өз-өзіне қызмет көрсетеді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес «Қарағанды облысындағы тұрғын үй қорын жаңарту орталығы» ЖШС-не қайтарымды қаражат есебінен (несие түрінде берілген) 4 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтінімдер берілді (Аманжолов көшесі, 34; Абай көшесі, 81А; Омаров көшесі, 16; Сейфуллин көшесі, 4).

2009 жылдан 2020 жылға дейінгі уақытта жүргізілген техникалық зерттеулерге сәйкес 41 тұрғын үй апатты деп танылды, оның ішінде 8 тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді, 33-і бұзылады.

6,4 млрд теңге көлемінде өтемақы төлей отырып, 6-20 жыл ішінде 149 апатты үйдің тұрғындарын 6 жыл ішінде толық көшіру жоспары әзірленді. Қазіргі уақытта 55 пәтердің иелері жалпы сомасы 245 миллион теңге өтемақы алды. Қалада жұмыс істемейтін лифт мәселесі де бары рас. 13 көпқабатты тұрғын үй 17 лифтпен жабдықталған, оның ішінде 14 лифт жұмыс істейді, істен шыққаны – 3-еу. Облыс әкімінің қолдауының арқасында лифтілерді қалпына келтіру қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі негізінде жаңғырту және дамыту орталығы бөлген қайтарымды қаражат есебінен жүзеге асырылады (бұл -азаматтарға несие түрінде берілген қаражат).

Газдандыру

Елбасының Елбасының елдімекендерді газдандыру жөніндегі бесінші бастамасын орындау мақсатында «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы жүріп жатыр, оның жалпы ұзындығы 1136 км-ді құрайды. 26 км Жезқазған қаласының аумағынан өтеді. Жобаның жалпы сомасы 15 млрд теңгені құрайды.

Бүгінгі күні «КАТЭК» жобалау-зерттеу компаниясы Жезқазғанды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың барлық бөлімдері бойынша жұмыстарды аяқтады (шамамен 100% аяқталды). Жалпы алғанда 3,5 мың жеке және 14 көпқабатты үйлерді (шамамен 12 мың адам), 2 ірі кәсіпорынды газдандыру жоспарланған (мыс балқыту зауыты, «Казкат» зауыты). Болжам бойынша газға деген қажеттілік жылына 62 млн шаршы шақырымды құрайды.

Жезқазған қаласын газдандыру ІІІ кезеңнен тұрады.

I кезең:

1-іске қосу – Талап ауылы, Бөгенбай батыр ықшам ауданы (Пристанционный елді мекені).

2- іске қосу –Қабанбай батыр ықшам ауданы (Геологиялық елдімекені).

II кезең:

1-іске қосу – Бекболатсай ықшам ауданы (Рыбачье кенті), Қостангелді мөлтек ауданы (Комбинат кенті)

2-іске қосу – 91-99 орам, 7,8 шағын аудан.

3-іске қосу – Батыс аймақ.

III кезең:

1 іске қосу – 66-84 орам

2 іске қосу– 1-8 орам

2020 жылғы Талап, Бөгенбай батыр (Пристансный б.) елдімекендеріне арналған газдандыру жұмыстары 100% аяқталды (1 кезең).

2021 жылы Қабанбай батыр ықшам ауданында (Геологиялық қоныс) газ құрылысы жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Одан кейінгі кезекте Бекболатсай (Рыбачий ауылы), Қостанкелді (Комбинатский ауылы) елдімекендері бар.

Көлік инфрақұрылымы

Заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру – қаланың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлінеді.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1 млрд 431 млн теңгеге 39 км автомобиль жолдарын орташа жөндеу жүргізілді.

Жалпы ұзындығы 214 км автомобиль жолының:

– 38 км-і немесе 18%-ы – жақсы жағдайда;

– 79 км-і немесе 37%-ы –қанағаттанарлық жағдайда;

– 97 км-і немесе 45%-ы –қанағаттандырарлықсыз жағдайда.

Қарағанды мен Қызылорда қалаларынан айналма жол салу бойынша арнайы жоба әзірленуде.

№4 жол айналымын жөндеу жобасы 2019 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтатылды. Бюджеттен қаражат тек 2020 жылы бөлінді. Жұмыс бұрын жоспарланған мерзімнен кешіктіріле отырып жүргізілуде, өйткені эстакада жобасына техникалық сипаттамалар мен архитектуралық көріністі жақсартуды көздейтін толықтырулар енгізілді. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар аяқталды, көпір жақын болашақта пайдалануға беріледі. Қалған әрлеу жұмыстарын аяқтау 2021 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.

Жезқазған мыс қорыту зауыты бағытындағы орналасқан № 1,2 жол айналымын қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

Құқықтық тәртіп

Қаладағы қылмыстық ахуалға келетін болсақ, жағдай тұрақты. Басты көңіл қуантарлығы қылмыстың 32% -ғатөмендеуі. Есепті кезеңдегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 119 миллион теңгеге қала көшелеріне 192 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Құрметті жерлестер! Біздің маңызды міндетіміз – халыққа сапалы қызмет көрсету. Өткен жылы халыққа 26 012 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде – 3 404 (13%); — Мемлекеттік корпорация арқылы — 2 983 (10%); электронды түрде – 22 625 (80%) қызмет. Өткен жылмен салыстырғанда электронды қызметтердің саны 3 есеге артты. «Open Space» жобасы аясында мемлекеттік қызметтер барлық түрі бойынша (әкімдік ғимаратында) 4200 қызмет көрсетілген. Пандемияға байланысты халықтың цифрлық сауаттылығына оқыту онлайн режимінде, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты (digitalkz.kz/kursy/) арқылы жүргізілді.

Қаланың барлық мемлекеттік мекемелері электрондық құжат айналымы жүйесіне қосылған. Талдау көрсеткендей, жыл басынан бері 1871 өтініш түскен, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге аз.

Олардың басым бөлігі немесе 46%-ы жер алу мәселелері бойынша, 27%-ы коммуналдық қызметтер, 7%-ы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өтініштер. 12 ай мерзімінде жеке және заңды тұлғалардан құқық бұзушылыққа қатысты шағымдар түскен жоқ. Осы аралықта қала әкімінің блогына 38, облыс әкімінің блогына 52 өтініш түскен.

Қала әкімі 9 жеке қабылдау өткізді, онда 62 адам қабылданды. 93 мәселе қаралды: 40 сұрақ бойынша тез арада түсініктемелер мен кеңестер берілді, оларды шешу жолдары көрсетілді; 5 мәселе оң шешімін тапты. Қалған 48 проблема бойынша қала әкімінің орынбасарларына және мемлекеттік мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. 97 азаматты қала әкімінің орынбасарлары мен басшылары қабылдады.

Жезқазған қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының бастамасымен «Еститін мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберінде халықпен кері байланысты жақсартып, әлеуметтік желілерде арнайы ресми парақшаларын ашты. Бұл парақшаларға келіп түскен өтініштер тәулік бойына қаралады, сондай-ақ, тұрғындарға жедел желі телефондары даүздіксіз қызмет көрсетеді.

Соңғы жылы Жезқазған қаласында әлеуметтік желілер арқылы 1900-ге жуық шағым түскен.

Қалада Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жезқазған қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық комиссияның 4 отырысы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарының құлақтандыруларымен және түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

ISO 37001: 2016 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық стандартын (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі) енгізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың жергілікті атқарушы органдардың жұмысына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!

Қала әкімінің жыл сайынғы қала тұрғындарына беретін есебі – дәстүр.ге айналған шара. Олар біздің азаматтарымызды не мазалайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Былтырғы 4 есеп беру жиналысына 541 адам қатысып, 2 түсініктеме және 9 ұсыныс енгізілді. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәселелер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тағы да өзге салалар бойынша барлық мәселелер оң шешімін тапты. 

14:23
2627

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020