​САРАПШЫЛАР COVID-19 НАУҚАСТАРЫНА САУЫҚҚАННАН КЕЙІН 6 АЙ ӨТКЕН СОҢ ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫ ҰСЫНАДЫ

Неліктен COVID-19-бен ауыратын адамды вакцинациялауға болмайды? Журналистердің бұл сұрағына «Астана медицина университеті» КЕАҚ жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының доценті, қалалық жұқпалы аурулар орталығының бөлім меңгерушісі, м.ғ.к. Зәуреш Смағұлова  жауап  берді.

Инфекционисттің айтуынша, кез-келген жұқпалы аурудың ерекшелігі — иммунитетті дамыту, яғни белгілі бір мөлшерде антиденелер шығару. Сондықтан, кез–келген инфекциядан кейін иммунитет әрдайым жұмыс істейді, антиденелер шығарылады және олар біздің денемізде қаншалықты ұзақ жүреді — бұл, әрине, әркімде әр түрлі болады. Егер антиденелер титрі жеткілікті жоғары болса және ол ұзақ уақыт сақталса, онда вакцинацияның қажеті жоқ. Егер антиденелер титрі уақыт өте келе төмендесе немесе ол реконвалесценция кезеңінде 4-6 айға нөлге айналса, онда иммундау туралы мәселе туындауы мүмкін.

«Науқастарды вакцинацияламаудың басты себебі — антиденелердің болуы. Вакцинацияның негізгі мәні — біз вакцинаны енгіземіз және ағзаның өзі осы вакцинаны енгізуге жауап береді, ал жауап – иммунитетті, яғни антиденелерді дамыту. Сондықтан ағзада антиденелер болса, қайта егудің қажеті жоқ»,- деп нақтылады З.Смағұлова.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл өз әріптесін толықтырды: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес жақында расталған COVID-19 инфекциясына шалдыққан пациенттерге 6 ай бойы вакцинациялаудан бас тарту ұсынылады. Егер келесі айларда жаңа деректер пайда болса, олар жаңартылады. Яғни, науқас адамдарға 6 айдан кейін вакцина алуға болады».

22:05
575

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020