ӘЗІРЛЕНГЕН ВАКЦИНАЛАР ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БАРЛЫҚ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРЫНА САЙ

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл Қазақстан халқын COVID-19-ға қарсы вакцинациялау науқанына арналған сараптамалық  брифинг  барысында осындай қорытынды жасады.

Қазақстандық және ресейлік вакциналардың сапасы туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, вакцинаның қаншалықты тез әзірленгеніне қарамастан, оны әзірлеуге, өндіруге және шығаруға өте жоғары талаптар қойылатынын атап өтті. Вакцинаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар ешқашан өзгермейді, олар өндіру кезінде сенімділіктің барлық деңгейлеріне сәйкес болуы керек.

«Егер вакцина жаппай өндіріске және жаппай қолдануға шығарылса, бұл оның барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндігінің белгісі. Ол нақты кезеңдерден өтті және вакцина шығаратын орталық вакцинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық әлемдік стандарттарына сай келеді. Сондықтан вакцинаның сапасына сенуіміз керек», — деді кәсіби маман.

22:37
873

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020