​ВАКЦИНА АЛҒАННАН КЕЙІН КЕРІ РЕАКЦИЯ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ НАҚТЫ АЛГОРИТМДЕРІ БАР

Вакцина енгізілгеннен кейін кері реакциялар орын алуы мүмкін. Бұл ретте әрекет етудің нақты алгоритмі бекітілген. Вакциналаумен айналысатын дәрігерлер оны біледі және көмек көрсете алады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «Астана медицина университеті» КеАҚ жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының доценті, мғк, Қалалық жұқпалы аурулар орталығы бөлім меңгерушісі Зәуреш Смағұлова журналистің сұрағына берген жауабында осылай деді. Оның айтуынша, вакцинациядан кейн болатын әсерлер екі топқа бөлінеді.

«Бірінші топ жалпы реакциялар, температураның көтерілуі, тұмауға ұқсас белгілердің пайда болуы жатады. Екіншісі, жергілікті өзгерістер. Яғни, вакцина енгізілген жерде қызару, қышыну реакциялары болуы мүмкін. Көмек осы реакцияның түріне байланысты көрсетіледі. Бірінші жағдайда дене қызуын төмендететін дәрілер, стероидті емес, қабынуға қарсы препараттар беріледі. Ал жергілікті реакция кезінде ешқандай дәрі тағайындалмайды. Ол болатын реакция деп саналады. Бұдан басқа кері әсері болмайды», — деді маман.

22:54
948

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020