​COVID-19: ӘР АДАМ БІЛУІ ТИІС

Коронавирус жұқпасы – SARS CoV-2 коронавирустар тұқымы вирусының жаңа штамы тудыратын, аэрозольдық-тамшы және тұрмыстық қатынас арқылы берілетін, өкпе тініне тропты өткір жұқпалы ауру, ауру белгісі білінбей вирус әкелушіліктен бастап, уланумен, ауыр өткір респираторлық дистресс-синдром мен сепсистің даму тәуекелі бар пневмонияға дейін жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабыну процесімен сипатталатын аурудың клиникалық белгілері бар нысандарымен өтеді.

COVID-19 вирусы: АӨРС (ауыр өткір респираторлық синдром) вирус-қоздырғышымен туыстас болып табылатын бета-коронавирус болып табылады. Инкубациялық кезеңі — 2-14 күн.

Балалардағы диагностикалық критерийлер

Шағымдар: дене қызуының көтерілуі; жөтел; бастың ауруы (жиі жасы үлкен балаларда); диарея;

әлсіздік, сылбырлық, жеңіл сырқаттану

Ауыр өткен кезде: құрғақ жөтел; демігу; жиіленген және қиынсына тыныстау; жүрек соғуының жиіленуі.

Балалардың ауыр сырқаттану тәуекелінің факторлары: 1 жасқа дейінгі балалар; дене салмағы жеткіліксіз (30%-дан аса), рахитпен, темір тапшылығы анемиясымен, қолқа демікпесімен ауыратын, жүрек ақауы, эндокриндік, шығару жүйелерінің паталогиясы, гемоглобинопатия, метаболикалық синдром, онкоаурулары бар балалар; әртүрлі генезді иммун тапшылығы жағдайы (пневмония 1,5 есе жиірек тіркеледі); коинфекция (риносинцитиалды вирус, риновирус, бокавирус, аденовирус), бұл ауруды қиындатады және респираторлық жолдың төменгі бөлімдерінің зақымдануына әкеледі (пневмония, бронхиолит)

Ересектердегі диагностикалық критерийлер

Шағымдар: аурудың өткір басталуы; дене қызуының көтерілуі; жалпы әлсіздік; миалгия және дененің сырқырауы; бастың ауруы; мұрынның бітуі және тұмаурату; тамақтың жыбырлауы; жөтел (құрғақ немесе азғантай қақырықпен); кеуде қуысы бітеліп қалғандай сезіну; дәмді және иісті сезінудің бұзылуы; диарея; конъюнктивит; бөртпе

Ересектерде аурудың ауыр өтуі мен асқынуы тәуекелінің факторлары: 60 жастан жоғары; ҚЖА (артериялық гипертония, СЖЖ және т.б.) болуы; тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруларының бар болуы (ӨСОБ, БД, өкпедегі фиброздық өзгерістер және т.б.); эндокринопатиялар (қант диабеті, метаболизмдік синдром, семіздік және т.б.); иммунитет тапшылығы жағдайлары (онкологиялық, гематологиялық аурулар, иммундық-супрессивті емделудегі аурулар және т.б.); басқа да ауыр созылмалы аурулар (БСА және т.б..); жүктілік

Ауыр өткен кезде: Ентігу (қарау мезетінде немесе аурудың динамикасында); тыныстың тарылуы; жүрек соғуының жиілеуі; жүректің айнуы, құсу (сирек)

Білу маңызды!

Балаларда COVID-19 симптомдары, әдетте, үлкендерге қарағанда азырақ білінеді және негізінен жөтел мен қалшылдау түрінде білінеді, бұдан басқа аралас жұқпа байқалды;

Жүкті және жүкті емес әйелдерде немесе репродуктивті жастағы ересектерде COVID-19-дың клиникалық көрінулерінің арасында белгілі айырмашылықтар жоқ. COVID-19 жұқпасы күдікті немесе расталған жүкті және жуырда босанған әйелдердің жүктілік кезінде және босанғаннан кейін иммунологиялық және физиологиялық бейімделу процестерін ескерумен қолдау және симптоматикалық ем жүргізгені жөн.

Респираторлық симптомдар жоқ кезде келесі қағидаларды ұстанған жөн. Адамдар топтанып жиналған жерлерге және жабық, іші толы кеңістіктерге бармау; COVID-19-дың респираторлық симптомдары (мысалы, жөтел, түшкіру сияқты) бар кез келген адамнан кемінде 1 метр қашықтықты ұстану; Егер қол көзге көрінетіндей кірлеген болмаса құрамында спирт бар зарарсыздандыру құралдарын пайдаланып қолды гигиеналық өңдеуді жиі жүргізу, ал кір болған жағдайда – қолды сабындап жуу; Жөтелген және түшкірген кезде ауыз бен мұрынды шынтақтан бүгілген қолмен немесе орамалмен жабу; сосын орамалды бірден лақтырып, қолды гигиеналық өңдеу; мүмкіндігінше ауыз бен қолды ұстамау;

Осы қарапайым сақтық шараларын ұстану арқылы әркім өз өмірін қаупті дерттен қорғай алады. «Сақтықта қорлық жоғын» ұмытпай, сау жүріңіз!

Мадина НИЯЗБЕКОВА,

«Көшімбаева» отбасылық-дәрігерлік орталығының жалпы тәжірибедегі дәрігері

23:43
658

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020