ІНДЕТТЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛЫ – ВАКЦИНА

Вакцинация – қауіпті инфекциялардан бүкіл халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі. Коронавирус сынды инфекциялар адамның ағзасына түсу арқылы күрделі өтетін ауруларды қоздыруы мүмкін, ол аурулар асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін. Вакцина инфекцияны үлгілеу арқылы иммунитет қалыптасуға көмектеседі.

2021 жылдың ақпанына бастап елімізде коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация жүргізіледі. Спутник -V («Гам-Ковид-Вак») вакцинасы биотехнологиялық жолмен алынған, онда SARS-Cov-2 адам үшін патогенді қолданылмайды. Препарат екі компоненттен тұрады: I және II компоненттер ( II компонент 21 күннен кейін салынады).

Вакцинаның пайда болу тарихына келсек, 1980 Жылдардан бастап Н.Ф.Гамалей атындағы Орталықтың мамандары аденовирустық векторларды қолдана отырып, технологиялық платформаны жасады, өйткені халықтың 95-100%-ында аденовирустарға дейінгі иммунитет бар. Аденовирус векторлары қауіпсіз деп саналады.Вектор аденовирустың ақаулы бөлшегі, көбею генінен айырылған, сондықтан ағза үшін жұқтыру қауіпін тудырмайды. Векторлар генетикалық материалды вакцина жасалатын басқа вирустан жасушаға тасымалдау үшін қолданылады (мысалы, SARS-CoV-2 вирусының s- ақуыз гені ).

Вакцина 18-60 жастағы ересектерге, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары адамдарға салынады. Олар: медицина қызметкерлері, педагогтер, участкелік полиция қызметкерлері, студенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және балабақша қызметкерлері, қорғаныс және мемлекеттік қызметкерлер, қант диабеті, жүрек-тамыр жүйе аурулары, созылмалы обструктивті өкпе ауруы бар адамдар.

Кімдерге вакцина алуға болмады?

1. Құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық, анамнезінде ауыр аллергиялық реакциялар.

2. Жеделинфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі-вакцинация сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. Ауыр емес ЖРВИ, АІЖ жіті инфекциялық аурулары кезінде-вакцинация температура қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі.

3. Жүктілік және емшек емізу кезеңі.

4. 18 жасқа дейінгі жас (вакцинаның дозаға тәуелді әсеріне байланысты балалармен жасөспірімдерде артық дозаланудың және жағымсыз құбылыстардың күшеюінің тиімділігімен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты).

5. Коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан адам (6 ай өткеннен кейін жасалынады).

Ауру кезінде сақтықпен қолдану керек:

Бауыр мен бүйрек, эндокриндік жүйенің айқын бұзылулары (қант диабеті, метаболикалық синдром), гемопоэз жүйесінің ауыр аурулары, эпилепсия, инсульт және орталық жүйке жүйесінің басқа аурулары, жүрек-қантамыржүйесінің аурулары(анамнездегі миокард инфарктісі, миокардит, эндокардит, перикардит, Жүректің ишемиялық ауруы), бастапқы және қайталама иммунтапшылығы, аутоиммунды аурулар, өкпе аурулары, астма және ӨСОА, аллергиялық реакциялар, атопия.

II компонентті енгізуге қарсы көрсеткіштер: Вакцинаның I компонентін енгізуге арналған вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, температура 40°С жоғары және т.б.)

Вакцинацияның алдында пациентті дәрігер қарауы тиіс: жалпы тексеру және дене температурасын, артериалды қысымын, сатурациясын өлшеу, эпидемиологиялық анамнез жинау міндетті болып табылады. Егер температура 37°С-тан жоғары болса, вакцинация жүргізілмейді. Вакцина енгізілгеннен кейін пациент 30-60 минут бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы тиіс.

Әр вакцинациядан 24 сағат бұрын және одан кейін қарқынды дене шынықтыру және байланыс спорт түрлерінен, сондай-ақалкоголь ішуден аулақ болу ұсынылады. Әдеттегідей душ пен ваннаны қабылдауға болады.

Вакцина тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған!

Жағымсыз реакциялар:

жергілікті: гипертермия, ауырсыну,ісіну,қышу, вакцинация орнында терінің температурасының жоғарылауы

жалпы: дене қызуының жоғарылауы, артралгия, миалгия, астения, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, аймақтық лимфатүйіндерінің ұлғаюы, аллергиялық реакциялар)

Вакцинациялауды медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтарға азаматтардың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.

Орындалған профилактикалық егу туралы мынадай мәліметтер есепке алуға жатады: вакцинаны енгізу күні, атауы, серия нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакция сипаты, өндіруші ел. Сонымен бірге аталған деректер науқастың амбулаториялық картасы (Н.025/е) мен профилактикалық екпелерді есепке алу журналына (Н.064/Е ) енгізіледі.

Сымбат КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

«Мәкенбаева» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының педиатры

09:11
600

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020