​ҚАРАҒАНДЫДА САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАН ЕКІ КОМПАНИЯ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

Қарағандыда жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат .

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «STOP ОБНАЛ» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

«Сөйтіп бірқатар заңды тұлғалардың атынан нақты орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға жалған шот-фактура жазумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қазіргі уақытта «TerraStyleKAZ» және «АзимутИнвест» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұйымдасқан топтың бақылауындағы екі заңды тұлға қызметінің қаржы айналымы — 5,7 млрд теңге. Салық төлемеуден мемлекетке келген шығын көлемі – 1,7 млрд теңге» делінген хабарламада.

Аталған қылмыс бойынша мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

15:10
435

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020