​ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА АҚДМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Азаматтық қоғаммен өзара іс – қимыл, этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту — Қарағанды облысындағы Министрліктің стратегиялық сессия аясындағы басты тақырыптары.

12 ақпанда Қарағанды облысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.
Стратегиялық сессия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың қатысуымен өткен кездесуден басталды. Олар бір күндік бағдарлама барысын талқылады, оған сәйкес 12 кездесу, семинарлар, панельдік сессиялар және өңірдің өзекті мәселелері бойынша талқылаулар жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 3 ақпанынан бастап Министрліктің стратегиялық сессиялары басталды, олар еліміздің барлық өңірлерінде онлайн-форматта өтеді. Іс – шаралардың негізгі міндеті-өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңір жұртшылығы өкілдерінің сындарлы диалогын құру, Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.
Жалпы, Қарағанды облысындағы АҚДМ іс-шараларына 600-ге жуық адам қатысты, онда Министрлік қызметкерлері дінтану сараптамасын жүргізуге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыруға, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз етуге, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізуге, салалық журналистиканы дамытуға және т. б. байланысты бірқатар өзекті мәселелерге жауап берді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша 

12:17
928

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020