​COVID-19: АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ – ВАКЦИНА

Вакцина – дүнижүзі бойынша миллиондаған адамдар өмірін аман алып қалып жатқан препарат. Себебі қауіпті жұқпалы аурулардың ең озық емі – оның алдын алу, яғни вакцина болып табылады.

Вакцина ол – микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Ол жұқпалы аурулардың қоздырғышың әлсіретілген түрі, немесе иммунды жауап шақыратын бөлігі, басқаша айтқанда антигені болып табылады. Олар организмде иммунды жауап шақырып, кейін жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеттің құрылуын қамтамасы етеді. Иммунитеттің бір қасиеті оның есте сақтау қабілеті. Яғни оргнизмге жұқпалы ауру қоздырғышы екінші рет енгенде, бұрын қалыптасқан иммунитет тез арада мобилизацияланып, қоздырғышқа қарсы шабуылды бастайды. Сол себепті, клиникасында ауру симптомсыз немесе жеңіл дәрежде өтеді.

Короновирусты инфекция аса қауіпті жұқпалы ауру болып табылады. Бұл вирусты инфекция болғандықтан арнайы тиімді емі жоқ. Сол себепті алдын алу және жұқпалы таратылуын тоқтату үшін вакцина ойлап табылды.

Қазақстанда короновирусты инфекцияға вакцина жүргізілу 2021 жылдың 1 ақпан айынан басталды. Ол 3 этапта жүргізіледі. Бірінші кезекте медицина қызметкелері: инфекционды аурухананың, жедел жәрдемнің, реанимация және қабылдау бөлімдерінің медицина қызметкерлері.

Екінші кезекте мектеп, жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері.

Үшінші кезекте интернат-мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері және студенттер.

Бұл вакцина ерікті түрде келісімен салынады. Екпе алмас бұрын дәрігердің қарауынан өтеді. Егер ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, егілуге рұқсат беріледі. 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан қарт адамдар екпеден босатылған. Сонымен қатар бұрынғы екпелерге аллергиясы бар, жедел инфекционды аурумен ауырып жатқан науқас, жүкті әйелдерге қарсы көрсеткіш болып табылады.

Екпе екі дозадан адамның иығына салынады. Алдымен 0,5 мл бірінші доза салынып, арада 19-23 күн өткенде тағы 0,5 мл салынады. Екпе салардың алдында дәрігер дене қызуын, сатурацияңызды, қан қысымыңызды, жүрек соғысыңызды, ауыз қуысын тексеруі тиіс. Егер адамның ыстығы 37 градустан жоғары болса екпе салынбайды. Екпенің бір флаконында 3 мл доза болады. Бір флакон бес адамға салуға жетеді. Екпенің сырты бүлінсе қолдануға болмайды.

Екпе салынғаннан кейін тұрғын дәрігер қарауында 30 мин отырады. Вакцина алғашқы 3 күнде реакция беруі мүмкін. ЖРВИ симптомдары мен және жергілікті симптомдармен көрініс беріледі.

Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қанатты сөз бар. Қандайда бір індетке шалдығып, дәрігерден-дәрігер жағалап, түрлі дәрі ішкеннен гөрі сақтанған әлдеқайда тиімді екенін бәріміз білеміз. Ендеше, бүгінгі таңда нақты емі табылмаған коронавирустан сақтанудың бірден-бір жолы екпе салдыры екенін ақылмен түсініп, өз денсаулығыныңыз үшін екпе салдыру қажет.

Гүлдана ТӨКЕНОВА,

«Жүрек» отбасылық дәрігерлік амбулаториясының фельдшері 

13:13
611

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020