​ЦИФРЛАНДЫРУ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

Ел Президенті өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыруды барлық нормалардың базалық элементі ретінде атап өтті. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдардың барлық процестері мен жүйелерін кіріктіру және қағаз құжаттар мен анықтамаларды алып тастау жүргізілуде. Бүгінде жүйелерді ықпалдастырудың арнайы жоспары іске асырылуда, соның арқасында әртүрлі ведомстволық жүйелер арасында деректермен автоматты алмасу жолға қойылды. Өзара ықпалдастыру процесін жеделдетуге Smart Bridge жобасы арналған. Оның мақсаты – мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері мен дерекқорлары үшін бірыңғай платформа құру, сондай-ақ барлық ықпалдастыру рәсімдердерін оңайлату.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жұмыстарына қызмет көрсетушілердің барлық мемлекеттік органдары тартылған. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру арқасында 30 анықтама жойылды. Мекен жай анықтамасын жою электронды құжатайналымды 2 есе қысқартуға мүмкіндік бергендігін атап айтқан жөн.

Локдаун кезеңінде қызметтер бірінші қажеттілік қызметтеріне айналды, олардың саны 3 есеге артты. Былтырғы қала әкімі аппаратының мекемелерімен 20000 мемлекеттік қызмет электронды түрде көртсетілді.

e-gov сайтында жеке тұлғалар үшін 26 наурыздан және заңды тұлғалар үшін 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, электрондық сандық қолтаңба алу қызметі іске қосылды. Оны 25 мың Жезқазғандықтар қолданды. Бұрын халықта Электрондық сандық қолтаңбаға қатысты сұрақтар көп туындағандығын атап айтқан жөн. Біріншіден қиындықты туғызатын мәселе ХҚКО алу кезінде адамның өзінің болуы. Екіншіден Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану кезінде қосымша бағдарламалар орнату қажет еткенде туындаған қиындықтар. Бұл қызметті пайдалану үш ажырату процедурасын бір процеске біріктіруге мүмкіндік берді: ЭСҚ қашықтықтан алу, азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеу, ұялы телефоннан e-gov сайтында жеке кабинетті құру.

Сонымен қатар, халықта қажет мемлекеттік қызметтерді Egov mobile ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі бар. Egov mobile жүйесін AppStore және PlayMarket жүйелері арқылы жүктеп алуға болады.

Қандайда бір жағдайда мемлекеттік қызметті алу үшін халыққа үкімет проактивті қызметтерді енгізді. Халыққа ешқайда барып қажеті жоқ. Бар болғаны смс кодты алуға қажет ақпаратты берсе болғаны. Бүгінде Жезқазған қ. Әкімі аппаратының мемлекеттік мекемелерімен 8 проактивті мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Мысалы: Бала туылған кезде ЭСҚ пайдалана отырып, Электронды үкімет порталының басты бетіне өтіп, «Отбасы» бөліміндегі, «Бала тууын тіркеу» мемлекеттік қызмет таңдау арқылы 3 қызмет түрін алуға болады: баланың туу туралы куәлігін, бала туғандағы жәрдемақысын, балабақшаға кезекке қою.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 90% электронды форматқа көшірілді. Оларды үйден шықпай-ақ алуға болады.

Карантин жағдайындағы індет кезеңінде қала әкімінің аппараты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында қоғамдық қолжетімді орындар ұйымдастырылды, сондай-ақ қала әкімі аппаратының ғимаратында «open space» кабинеті жұмыс істейді, онда мамандар мен кеңесшілердің көмегімен кез келген адам электрондық сандық қолтаңбаны рәсімдеп, мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Ольга МОКЕЕВА,

«Жезқазған қаласы мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингтеу және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі » ММ басшысы

13:24
1138

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020