DVB-T2 ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ОРНАТУҒА БОЛАДЫ?

Қазақстанда цифрлық эфирлік телехабар таратуға кезең-кезеңімен көшу жүріп жатыр және digital ТВ-ға қатысты ақпараттық роликтер мен материалдарда «DVB-T2» аббревиатурасын естуге, көруге болады. Кейбір көрерменді «бұл не, олненібілдіреді?», — деген сұрақ мазалауы мүмкін.

DVB-T2 – Digital Video Broadcasting-Second Generation Terrestria және ағылшын тілінен аударғанда «Екінші буынды цифрлық жерүсті бейне хабарларын тарату» дегенді білдіреді. Қазақстанда ЦЭТВ бірыңғай стандарты ретінде DVB-T2 еуропалық стандарты таңдалды. Ол жиілік диапазонында бұрынғыдан көбірек цифрлық арналарды орналастыруға мүмкіндік береді. DVB-T2 бірегей желілік инфрақұрылым мен жиілік ресурстарында DVB-T-мен салыстырғанда теледидар желілерінің сыйымдылығын кем дегенде 30%-ға арттырады.

DVB-T2 стандартының артықшылығы – таратылатын пакеттегі арналар санын көбейту, «жергілікті» хабар таратуды ұйымдастыру және жоғары сапалы телевидениені дамыту мүмкіндігі, сондай-ақ эфир жиіліктерін босату.

Абоненттік құрылғыларда DVB-T2 стандартын қолдану цифрлық эфирлік телехабар тарату желілері арқылы қосымша қызметтер мен HDTV енгізуге мүмкіндік береді. Біздің еліміз біртіндеп ЦЭТВ-ға ауысатындықтан, қазақстандықтар теледидарларының DVB-T2 стандартында көрсететін-көрсетпейтінінтексеруі керек.

Теледидар DVB-T2 стандартында жұмыс істейтінін қалай білуге болады?

Ол үшін нұсқаулықтағытехникалық сипаттамалар бөлімінде сандық стандартты қолдау элементін іздейсіз. Онда – DVB-T / T2 MPEG-4 деп жазылуы керек. Ғаламтордағы іздеу өрісіне өзіңіздің теледидар үлгісін енгізесіз. Пайда болған бетте «барлық сипаттамалар»,әрі қарай «сигналды қабылдау» тармағын іздейсіз. Егер сіздің теледидарыңыз цифрлық эфирлік стандартты қолдаса – DVB-T / T2 MPEG4 жазылуы керек.

Көптеген жаңа теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдайды. Егер сіздің теледидарыңыз 2013 жылдан ертерек шығарылса, DVB — T2 сандық қабылдағышын сатып алу керек. Оны ресивер немесетеледидар тюнерідеп те атайды. Сондай-ақ, дециметрлік антенна қажет. Ресиверді қосу арқылы антеннаны орнату оңай. Ол үшін:

— дұрыс антеннаны таңдаңыз;

-қажетті опциялар жиынтығы бар теледидар тюнерін таңдаңыз;

— қосылу схемасына сәйкес коммутация жасаңыз.

Қай антеннаны таңдау керек?

Бөлме және көше антенналары болады. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бірігіп бір антеннаны үйге қоя алады. Қаладағы жеке үйлерде сіз бөлме антеннасын қолдана аласыз, бірақ теледидар мұнарасы тікелей көрінуі керек. Телемұнарадан алыс орналасқан үйлердің тұрғындары үшін көше антеннасы қолайлы.

Сандық теледидар үшін қай ресиверді таңдау керек?

Ресиверлерге таңдау өте үлкен, бірақ цифрлықтеледидарды қосу үшін бір ғана факт маңызды — DVB-T2 стандарты. Ресиверлер қосылу тәсілімен (RCA, HDMI,SCART және т.б.), сондай-ақ қосымша опциялармен ерекшеленеді. Құрылғының толық жиынтығына қуат көзі, қашықтан басқару пульті, нұсқаулық кіреді. Қуат көзі сыртқы немесе кіріктірілген болуы мүмкін. Сыртқыны сынған жағдайда ауыстыруға болады, кіріктірілген – практикада тұрғысынан аз қолданысқа ие.

Антенна мен DVB — T2 сандық құрылғысын қалай орнатуға болады?

Ең алдымен, ең жақын мұнараның орналасқан жерін анықтау керек. Ол үшін онлайн қызметтерді пайдаланыңыз. Сізге ең жақын ЦЭТВ тарату нүктесін www.tsetv.kz сайтынан табуға болады.

ЦТВ қамту картасын қолдана отырып, сіз өзіңіздің аумақта таратылатын арналар пакетін көре аласыз, қасында — хабар таратады, күтедідеген секілді статусы көрсетіледі.

Осыдан кейін антеннаны бекіту орны мен тәсілін анықтаңыз. Тарату сапасын жақсарту үшін көше антенналарын сигнал көзіне бағыттау керек. Антеннаны балконға немесе терезе жақтауына бекітіңіз. Әрі қарай кабельді цифрлыққабылдағышқа дейін өткіземіз.

Антеннаны сандық ресиверге қалай қосуға болады?

Теледидарды желіден өшірген соң бір ұшы қабылдағышқа, екіншісі теледидарға жалғанған RCA немесе HDMI кабелін қосамыз.

Одан кейін теледидардағы AV, HDMI сигнал көзін таңдаңыз. Ресивердің мәзір терезесі пайда болуы керек. Пультте бұл батырма SOURCE, TV/VIDEO, INPUT деп аталуы мүмкін. Қабылдағыштың пульті арқылы MENU батырмасын басыңыз.

Мәзір элементтерінен«ІЗДЕУ» батырмасын таңдап, «қолмен іздеу». UHF (DMV) диапазонын орнатуды ұмытпаңыз. Содан кейін сіз қуат және сигнал сапасының көрсеткіштерінкөресіз.

Антеннаны әртүрлі бағытта бұрыңыз, идеалды позицияны таңдап, антеннаны бекітіңіз.

Мәзірде«ІЗДЕУ» — «Авто іздеу»таңдаңыз. Арналар автоматты түрде орнатылады.

Бүгінгі таңда DVB-T2 таратқыштары Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, егер сізде тиісті теледидар немесе қосымша құрылғы болса, 30-ға жуық арнаны еш кедергісіз тамаша сапада қабылдауға және көруге болады.

Аналогтық эфирлік теледидарды толығымен өшіру қашанға жоспарланған?

Қарағанды облысында аналогтық теледидар желісін өшіре отырып, Цифрлық эфирлік телевизияға толық көшу 2021 жылдың соңына жоспарланған.

Сіздің елді мекеніңізде цифрлық сигналмәселелері бойынша Call-орталыққа қалалық телефоннан 193 және ұялы телефоннан 7193 нөмірлері бойынша хабарласа аласыз — қоңырау шалу тегін.

Көрсетілім көңіліңізден шықсын!

14:56
608

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020