АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Өткен жылы біз бүкіл әлем сияқты СOVID-19 коронавирустық инфекциясының (КВИ) таралуына байланысты пандемияға тап болдық. Оған қарсы күреске біздің республикамыздың барлық күштері — жігері жұмсалды. Өкінішке орай, халық арасында қайтарымсыз шығындар болды.
Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі түрде халықтың денсаулық көрсеткішін жақсару үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру. Оның маңыздылығы өте зор. ДДСҰ мәліметінше, медициналық қызметтердің 80 пайызы осы ұйымдарда көрсетілуі керек. Қазіргі таңда 7 мыңнан астам ұйым – емханалар мен амбулаториялар жұмыс істеуде. Онда шамамен 10 мың дәрігер және 28 мың орта медициналық қызметкер, оның ішінде 47% — ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді». ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «2020 жылы пандемияға қарамастан 63 жаңа медициналық нысан салынды. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті. Жылжымалы медициналық көмек дамыды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі халыққа, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмекті жақсартуға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекітті».
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: "Қазіргі кезде халық арасында өлім-жітімге әкелетін аурулар ішінде жүрек-қан тамырлар ауруы құрылымында миокардтың жіті инфарктісі бірінші орында тұр — 25 процент. Елімізде 36 коронарлық араласу орталықтары жұмыс істейді. Олар әр өңірде орналасқан. Сонымен қатар, өлім-жітімнің басты себептерінің бірі – инсульт. Қазақстанда 66 инсульт орталығы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында, Шымкент және Алматы қалаларында қосымша инсульт орталықтарын ашуды ұсынды. Үшінші орында — қатерлі ісік аурулары".
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Жол-көлік жарақаттануы (ЖКО) халықтың өлім-жітімі құрылымындағы себептердің бірі ретінде ерекше назар аударуды талап етеді. 2020 жылы ЖКО-да 24 952 адам зардап шекті, оның ішінде 1192 адам қаза тапты. Оның ішінде 94,5% жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, стационарда қаза болғандар саны 5,5%. Бұл тек медициналық қызметтердің жұмысына ғана байланысты емес, сонымен қатар өлімге әкелетін жол-көлік оқиғаларының жағдайын жақсарту үшін еліміздің азаматтарының да бірлескен өзара іс-қимылын талап ететінін атап өткен жөн».
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Атырау, Шығыс қазақстан, СҚО, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында КВИ ауруы салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары. Сонымен қатар, өлім-жітімнің көбеюі ШҚО, БҚО, Қарағанды және Атырау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында байқалуда. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде 243 адам, өте қатаң жағдайда — 42 адам жатыр. Осы адамдардың барлығының созылмалы аурулары болған, көбі үйінде емделген. Ауырған кезде міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек».

Пандемия кезінде қабылданған шаралар туралы

Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі түрде халықтың денсаулық көрсеткішін жақсарту үшін келесі шараларды қабылдауда.
Халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жетілдіру. Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам ұйым, амбулаториялар мен емханалар жұмыс жасайды. Онда шамамен 10 мың дәрігер, 28 мың ортақ медицина қызметкерлері, оның ішінде 47%-ы ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр.
Былтыр пандемиямен күресіп жүріп, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Соның бірі, әрбір учаскелік дәрігерге кісі басына тіркелетін жүктеме азайды. Бұрын бір учаскелік дәрігерге 2000 — 2200-дей азамат тіркеліп қаралатын болса, қазірге таңда 1 700-ге дейін төмендетілді.
Пандемияға қарамастан 63 жаңа обьекті салынды. Медициналық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға көтерілді. Жылжымалы медициналық көмек дами бастады.
ДСМ ағымдағы жылдың 25 ақпанында халықтың қалың тобына, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға барынша қолжетімділік жағынан 2021-2025 жылдарға арналған «Алғашқы медициналық көмекті жақсарту» жөнінде шаралар жоспарын бекітті.
©️ Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі
10:41
531

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020