​Құрметті аналар! Ардақты әжелер, аяулы қарындастар!

Сіздерді көктемнің алғашқы жылуымен келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қашан, қай жерде болмасын қоғамдағы бейбітшілік пен амандық, отбасындағы жайлылық, балалардың денсаулығы мен тәрбиесі, адалдық пен рухани жомарттық, махаббат пен ананың жылуы әйелдің есімімен байланысты. Біздің халқымыз әрқашан қыздарын құрметтеген, ал аулы аналарды ең үлкен қазына деп санайды. Сондықтан да бізде әйелге деген ерекше көзқарас қалыптасқан, өйткені ол бізге сұлулық, мейірімділік пен даналық нұрын сыйлайды. Біздің халқымыз «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп өте дұрыс айтқан. Отбасылық құндылықтардың беделін арттыру, ана мен баланы қолдау егемен Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттары болып табылады. Сіздердің арқаларыңызда маңызды құндылықтар – махаббат, отбасы, ізгілік пен адалдық мәңгілік болып қала береді. Ел болащағы – балаларымызға лайықты тәрбие беріп, ошақтың ұйытқысы бола отырып, сіз еңбекте, қоғамдық өмірде лайықты табыстарға қол жеткізудесіз. Ата-бабаларымыздың дәстүрлерін сақтай отырып, қоғамның серпінді дамуының алдыңғы шебінде болып, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлес қосып келе жатқан нәзік жан иелерін ерекше мақтан тұтамыз. Сіздер алдағы уақытта да қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің кепілі, жасампаз істердің бастамашысы боласыздар деп сенемін. 8 Наурыздың құрметіне сіздерге шексіз махаббат пен бақыт, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр тілегім келеді, сіздердің асқақ армандарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталсын, әр отбасында береке мен үйлесім орнасын!

Жезқазған қаласының әкімі ҚАЙРАТ ӘБСАТТАРОВ

13:25
576

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020