​МИНИСТР ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Алыстағы Мажарстан жеріне аттанып, Будапештке барып, Ұлы Отан соғысының зұлматы мен зардабын өз көзімен көрген абзал жүрек мейірбике қыздың батылдығы мен қайсарлығы кім-кімді де қайран қалдырары сөзсіз. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков», КСРО-ның санитарлық қорғаныс саласының үздігі медалдарымен марапатталған Нина Виноградовамен тек Жезқазған жұрты ғана емес, бүкіл елі мақтанады. Жылына бір келетін әйелдер мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүрге сай соғыс ардагері елеусіз қалмады.

Жезқазған қалалық қорғаныс істері жөнінднгі басқармасының бастығы, полковник Әсет Түсіпбеков БАҚ өкілдерімен бірге Нина Стеапановнаның шаңырағына барып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Құттықтау хаты мен гүл шоқтарын табыстады.

– Соғыс ешқашан ешкімге жақсылық әкелген емес. Қанды жылдарда талай жауынгерлердің өміріне араша болдым. ІІ Украина шебінде де болдым. Сондағы мақсатым сәлде болса еліме көмек көрсету еді. Осы жасқа жеткен арманым жоқ десем де болады. Шыны керек қазір нақты жасым есімде жоқ. Жас ұлғайған сайын ауру-сырқауда көбейе береді екен. Мені ұмытпай, құттықтап келіп жатқандарыңа алғысымды білдіремін. Бастысы – баршаңа мықты денсаулық тілеймін. Денсаулық болса, бәрі болады, – деген ардагер қонақтармен естелік фотоға түсті.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН 

18:52
501

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020