​САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Қорғаныш құралдарын пайдалану және утильдеу

бойынша ұсыныстар

Бетпердені дұрыс пайдалану

Бір реттік медициналық бетперделер бір рет пайдаланылады. Бетпердені ол ауызды, мұрынды және иекті жауып тұратындай етіп кию керек. Сонымен қатар ол мықтап жанасуы тиіс. Бетпердеде баулар бар болған жағдайда, оларды мықтап байлау керек. Егер бетперденің бір жағы түрлі-түсті болса, оның ақ түсін ішіне қаратып киеді. Бетпердеде арнайы қатпарлар бар болған жағдайда, оларды ашу керек, ал мұрын тұсына иілмелі пластина тігілген жағдайда, бетке анағұрлым толық жанасуын қамтамасыз ету үшін оны майыстырып, мұрынға мықтап жақындату керек. Бетпердені пайдаланған кезде оның сүзгі бетін қолмен ұстамауға тырысу керек. Бетпердені ұстаған жағдайда қолды жуу (тері антисептиктерімен өңдеу) қажет. Егер бетперде ылғалданса немесе ластанса, таза және құрғақ жаңа бетперде киіңіз. Бір реттік бетпердені қайтадан пайдаланбаңыз. Бетпердені пайдаланған кезде оған қол тигізбеу керек. Бетпердені резеңкесінен (бауынан) тартып, сүзгі бетіне қол тигізбей шешу керек. Бетпердені шешкеннен кейін бетіңізді ұстамаңыз және бірден қолыңызды жууыңыз. Бұл, тіпті сіз бетперденің бетін байқамай ұстаған жағдайда да, вируспен жанасудан сақтайды. Көп реттік бетперделерді оларды өңдегеннен кейін ғана қайтадан пайдалануға болады. Үй жағдайларында көп реттік мата бетпердені шаруашылық сабынымен немесе жуу құралын пайдаланумен жуып, сосын бу генераторының немесе бу беру функциясы бар үтіктің көмегімен өңдеу керек. Өңдегеннен кейін бетперде ылғалды болып қалмауы тиіс, сондықтан соңында оны ыстық үтікпен бу беру функциясын қоспай үтіктеу қажет.

Бір реттік жеке қорғаныш құралдарын утильдеу жолы

Үй жағдайларында пайдаланылған бетперделерді (соның ішінде түшкіргенде және жөтелгенде пайдаланылған орамалдарды) бөлек қалтаға салып, оны герметикалық жабу керек, осыдан кейін ғана қоқыс салатын шелекке салу керек. Пайдаланылған бетперделер «А» сыныбының медициналық қалдықтарына жатады (қауіпсіз медициналық қалдықтар, ҚТҚ сияқты) және полигондарға шығарылып тасталады.

Қарапайым сақтық шаралары

Көпшілік орындар мен жұмыс орындарында қол гигиенасы мен респираторлық гигиенаның маңыздылығын баса назар аударылуы қажет. Келесі сақтық шараларын қамтамасыз ету ұсынылады: құрамында (кемінде 60% этил спирті бар)спирт бар қолға арналған антисептиктердің жеткілікті санының құрамында, сонымен қатар таза су мен сабынның бар болуын қамтамасыз ету; қол гигиенасына арналған құралдарды кіретін және шығатын жерлерде, сонымен қатар процедуралар орындалатын жерлерде орналастыру; қолды антисептикпен өңдеу немесе сабынмен жуу қажеттігі туралы персоналға, тұрғандарға және келушілерге ескерту үшін бүкіл мекеме бойынша ескертпелер, плакаттар мен үндеуқағаздар орналастыру; қолды сабындап сумен кемінде 40 секунд немесе спирт негізіндегі антисептикпен кемінде 20 секунд өңдеуді ұсыну; персоналға қолдарын жиі гигиеналық өңдеу, әсіресе жұмыс күні басталардың алдында, тұрғандармен физикалық жанасуға дейін және одан кейін, дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындағанға дейін және одан кейін, сонымен қатар тамақтанар алдында өңдеу талаптарын қою; тұрғандарға қолдарын, әсіресе қолдарында көзге байқалып тұрған ластану бар болғанда, айналадағыларға жанауға дейін және кейін (айналадағыларға мүмкіндігінше жанаспау керектігімен қатар), дәретханаға барғаннан кейін, тамақтанар алдында, жөтелгенде және түшкіргенде жиі гигиеналық өңдеуді қатаң ұсыну және көмектесу; бір реттік орамалдар мен тиісті қоқыс контейнерлерінің (қақпақты) жеткілікті санының бар болуын қамтамасыз ету; түшкіргенде және жөтелгенде ауыз бен мұрынды орамалмен немесе шынтағын бүгіп жабу және пайдаланылған орамалды қақпақты қоқыс шелегіне тастау қажеттігі туралы персоналға, тұрғандарға және келушілерге ескерту үшін бүкіл мекеме бойынша ескертпелер, плакаттар мен үндеуқағаздар орналастыру;

Персонал арасында COVID-19 жұқпасын белсенді түрде анықтауды ұйымдастыру керек. Ол үшін: дене қызуы көтерілген немесе қандай да бір респираторлық симптомдар пайда болған жағдайда мекеме басшылығына хабарлау және жұмысқа шықпау қажеттігі туралы персоналға нұсқаулық беру; жұмыс орындарында себебін түсіндірмей жоқ болған қызметкерлермен олардың денсаулық жағдайларын тексеру үшін байланысу; ғимаратқа кіретін жерде барлық қызметкерлердің дене қызуын бақылауды ұйымдастыру; ауру белгілері көзге ұрынып тұрған қызметкерлер дереу жұмыстан босатылуы және өздерінің емделетін дәрігерлеріне жіберілулері тиіс; COVID-19 көзімен байланыс жоғары тәуекеліне ұшыраған қызметкерлерді айқындау үшін персоналдың іс-әрекеттерін және олардың тұрғандармен, әсіресе COVID-19 жұқтырғандармен байланыстарын қадағалауды қамтамасыз ету қажет.

Жоғарыда аталған сақтық шаралары мен ұсыныстарды орындау арқылы індеттің алдын алуға болады. Ортақ жауапкершілік – коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы екенін ұмытпайық!

Арайлым БУРХАНОВА,

«Тильман» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының фельдшері

18:55
2865

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020