ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУДЫРМАЙТЫН БОЛАДЫ

Екі күннің бірінде сусыз қалатын Бекболатсай мен Қостанкелдісай елді-мекені тұрғындарының осы мәселесін шешу жолында жауапты мекеме Жезқазған қалалық тұрғын-үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі бірқатар жұмыстарды жоспарлапты. Бұл жөнінде бөлімнің басшысы Ержан Есетов айтып берді.

–Қостанкелді мен Бекболатсай елді-мекеніндегі ауыз су желілерінің жалпы ұзындығы – 25 590 қума метр. Су құбырларында орнатылған ысырмалардың басым көпшілігі жарамсыз болғандықтан, авариялық жағдай орын алған кезде қос елдімекеннің түгелдей дерлік көшелері сусыз отыруға мәжбүр болады. Аталған проблеманы жойып, тұрғындарды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін биыл қалалық бюджеттен 108 ысырманы орнату үшін 31 945 00 теңге қарастырылған. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр, – деген Ержан Жағыпарұлы елдімекеннің ауыз су желілерін күтіп ұстауға 2021 жылы 30 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл қаржыға су құбырларындағы ақаулар жөнделеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылға дейін Қостангелді мен Бекболатсай елдімекендерінің ауыз су желілері иесіз болған. Иесіз құбыр арқылы су беріп, оның ақысын елден жинап отырған жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны бүгінде Жезқазғазған қалалық тұрғын-үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі қарамағына алған желілерді өз балансына алғысы жоқ.

Диана ОРАЗАЛИНА

15:46
550

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020