ОРАЗА ҰСТАҒАН АДАМДАРҒА ВАКЦИНА АЛУҒА БОЛА МА?

Рамазан айында ораза ұстаған адамдарға вакцина алуға бола ма, жоқ па? Бұл сұраққа ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жауап берді.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті. Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр», — делінген Telegram-дағы ВАК-тың хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген.

Еске сала кетсек, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.

«Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды», — деп мешіт қызметкерлері жауап берген.

Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеді.

15:09
515

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020