АУМАҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР МІНДЕТІ – АУҚЫМДЫ

Жезқазған қаласы әкімінің бастамасымен жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері құрылды.

Қаланың әр аумағына жеке-жеке бекітілген 8 кеңес – қала мәслихатының шешімі негізінде құрылған әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналатын кеңестің басты міндеті – коммуналдық сала қызметі жұмысының сапасын, аумақтың санитариялық жай-күйін бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша азаматтардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу. Қала тұрғындарымен етене жұмыс жасап, азаматтардың пікірлерін ескеретін кеңес аймақтағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы мемлекеттік мекемелерге ұсыныс білдіруге құқылы. Кеңес сондай-ақ, жезқазғандықтарды тұрғын үй және үй маңы аумақтарын сақтап, абаттандыруға шақырады және құқық бұзушылықтарды жасауға төзбеушілікті насихаттайды.

Қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құралған, ПИК төрағалары хатшылық жасайтын кеңестің дербес құрамы әрбір бес жыл сайын әкімнің ұсынысы бойынша жаңартылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің төрағасын да Әкім ұсынысы бойынша тағайындалады. Бүгінде іске кіріскелі отырған кеңеске Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары төрағалық етеді. № 5, 6 ықшам ауданы шекарасындағы кеңеске Арман Кенжебек, № 1, 2-ықшам ауданың кеңесіне Ерлан Кенджебеков, № 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 30, 32 ,33-орамдар кеңесіне Амангелді Әлімжан, № 1, 2, 23, 25, 26, 27, 28, 69-орамдар кеңесіне Мақпал Орынбетова, №31, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 83-орамдарды қамтитын кеңеске Шархан Ибраев, № 29, 62, 61, 63, 64, 65, 66, 81, 82, 84, 85-орамдардың кеңесіне Дархан Мұхан, № 3, 4, 7, 8-ықшам аудандары мен Бекболатсай елдімекені кеңесіне Виктор Сотников, № 91, 92, 93, 94, 95-орамдар, Қостанкелдісай мен Гелогия елдімекені, Талап, Кеңгір ауылдары кеңесіне Светлана Жумкина жетекшілік етпек. Әрбір ауданның учаскелік полиция қызметкері де аталған кеңестің құрамына кіреді.

Өз тілшіміз

19:05
956

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020