ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі көктемде су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды аралап қайтты .

Бұқар жырау ауданының Чкалов ауылы су басу қаупі жоғары аймақтар қатарына кіреді. Бұл елді мекен облыс және ТЖД басшылығының ерекше бақылауында. Жеңіс Қасымбек алдымен осында болды.

-Мен апта сайын жағдайды бақылаймын. Біз метеорологтармен, Төтенше жағдай департаментімен тығыз жұмыс істейміз. Су тасқыны кезеңіне дайындық үшін барлық қажетті техника бар, — деді облыс әкімі.

ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айында қар нормадан үш есе көп түскен. Осыған байланысты Нұра өзені бассейніндегі ылғал қоры 157%-ға дейін өскен.

-Су тасқынының алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын біз алдын ала жүргізе бастадық. Өткен жылы қауіпті аумаққа жақын орналасқан 140 елді мекенде қорғаныс үйінділері тұрғызылып, габиондар орнатылды. Өткен көктемде Самарқанд су қоймасынан секундына 620 текше метр жылдамдықпен су төгілген кезде бұл үйінділер өз тиімділігін көрсетті – еріген қар суы елді мекендерге түскен жоқ, — деді ведомство басшысы.

Жеңіс Қасымбек Самарқанд су қоймасының су торабына да барып қайтты. Мұнда су босату жұмыстары басталды. Ақпан айының соңына дейін тағы 14 млн текше метр су ағызылады. Бұл ретте су қоймасындағы ылғалдың ең төменгі деңгейі 1800 млн текше метрден төмен болмауы тиіс. Осы жерден суды Теміртаудағы ЖЭО турбиналарын суыту үшін пайдаланады.

Қазір «Қазгидромет» мамандары су тасқыны кезеңіне нақты болжам жасау үшін зерттеулер мен өлшеулер жүргізуде.

13:21
589

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020