​АРДАГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жезқазған қаласы әкімдігі, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімнің жастар ресурстық орталығы» КММ, «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Чернобыль жаңғырығы» ҚБ ұйымдастыруымен Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жобға қатысқандарға арналған ауқымы іс-шара өтті.

Осыдан 35 жыл бұрын Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогы жарылып, әлемдегі ең ірі апат орын алды. Әлем тарихындағы осы оқиғаның салдарын жоюға Отан алдындағы борышын өтеуге атанған біздің жерлестерімізде үлес қосқан. Сол апаттың зардабын жойып, залалсыздандыруға қатысқан ардагерлердің құрметіне ZOOM платформасында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Онлайн кездесуде Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров жезқазғандық 73 ардагерді құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Жезқазған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты, карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, шаһар басшысы Чернобыль атом электр стансасындағы апатқа 35 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 23 сәуіріндегі №129 жеке құрам бойынша бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен Мұхтар Үңгітбаевты марапаттады. Сонымен қатар Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бектайұлы Әбсаттаровтың шешімімен барлық ардагердің жеке есеп-шотына 100 000 мың теңге көлемінде сыйақы аударылды. Патриотизм үлгісін көрсетіп, жастарға тәлім-тәрбие бергені үшін мерейтойлық «Ерлігі үшін» медалімен ардагерлер Виктор Шавнев пен Мұхит Үңгітбаев марапатталды. Шара барысында өмірден озған жерлестеріміздің жарларына Жезқазған қаласы әкімінің Алғыс хаты және естелік сыйлығы тапсырылды. Олардың қатарында Галина Гашаускене, Зейнегул Ибраева, Алтынай Ибрагимова, Рая Ақшалова және Гүлнар Кәрімқызы бар.

Онлайн кездесу Жезқазған қаласында Чернобыль АЭС апаттын алауыздықтауға қатысқан қаһарман жерлестеріміздің даңқын ұрпақтар санасында мәңгі қалдыру үшін орнатылған ескерткішке қала әкімі Қайрат Бектайұлы және «Чернобыль жаңғырғы» ҚБ мүшелері, басқа да лауызымды тұлғалар гүл қою рәсімімен жалғасты.

Адамзат тарихындағы алып апатты жоюға Ұлытау – Жезқазған аймағынан 187 азамат қатысқан. Бүгінде 73 ардагер ортамызда. Әрқайсысы нағыз патриоттықтың үлгісін көрсетіп, жастарға тәлім – тәрбие, өнегелі жолға бастап келеді. Еліміздегі эпидахуалға байланысты барлық ардагерлерді жеке-жеке қабылдап, кейбірінң үйіне барып, құрмет көрсетіліп, мерекелік медальдар табысталды. Жалпы айтулы іс-шараның көздеген мақсаты –ардагер ағалар ерлігін, батылдығын, отансүйгіштігін, бірлік пен мейірімділігін дәріптеу. Ерлікке тағзым ету – ұлы қасиет. Үлкенді құрмет тұтып, ардагерлері ардақтап, олардың ерен еңбектерін бағалаған ұйымдастырушыларға «Чернобыль жаңғырығы» ҚБ төрағасы Мұхит Үңгітбав барша ардагерлер атынан алғыс білдірді.

Ізтөлеу БЕКЕНҰЛЫ

23:17
609

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020