​БІЛІМ САЛАСЫ ЗОР ҚОЛДАУҒА ИЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Ел Президенті назарынан білім саласы да тыс қалмады. Жолдау жүктеген білім саласы қызметкерлерінің айлығын өсіру, тегін тамақтандыруды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында тегін спорт секцияларын ашу сынды міндеттер бүгінде сәтті жүзеге асырыла бастады.

Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Қалада 20 мектеп, оның ішінде 1 кешкі мектеп бар. Сапалы білім алу үшін әдет­тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптар­ды сақтай отырып, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-5 және 9,11 сынып оқушылары аралас оқыту форматында пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30% қашықтықтан оқытылып жатыр. Сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайды. Оқу процесі «1 сынып — 1 кабинет» қағидаты бойынша сабақтың ұзақтығы 40 минут. Сабақ кестесі оқытудың аралас форматын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалынған, үзілістер әртүрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылып, барлық кіру есіктері мен шығу есіктері пайдаланылады, ауысымдар саны артты. Міндетті мектеп формасы талап етілмей, балалар мектепке ұқыпты және ыңғайлы киіммен келіп оқып жатыр. Ата-аналармен және заңды өкілдермен байланыс қашықтықтан интернет-ресурстарды және басқа да қолжетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылып жатыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде балабақшаларда кезекші топтарда 15 баладан, ал шағын орталықтардың жұмысы уақытша тоқтатылған. Қалада 3427 балаға арналған 14 балабақша, 11 шағын орталық, 5 жекеменшік жұмыс істейді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мақсатында 2020-2023 жылдарға арналған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тарапынан жалпы жобалық қуаты 880 орындық 4 балабақша салу жоспарлануда.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар Индиго24.кз бірыңғай электрондық платформасына қосылған. Платформа мемлекеттік деректер қорымен біріктірілген, бұл құжаттарды қолдан жасау тәуекелін, жеңілдіктерді негізсіз пайдалану мүмкіндігін барынша азайтады.

1 сәуірден бастап жаңа 2021-2022 оқу жылына мектепке 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды. Аяқталу мерзімі – 1 тамыз. Бұл оқу процесінің барлық қатысушыларына ыңғайлы болу үшін жасалды. Ата-аналар қажетті құжаттарды уақытында тапсырып, оқу құралдарын жинақтай алады.

Өтінішті электрондық үкімет egov.kz арқылы немесе e.bilimal.kz, сондай-ақ қағаз нұсқасында келесі құжаттарды ұсына отырып, бере алады:

1) ата-аналардан (немесе олардың орнындағы адамдардан) өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) 026/у-3 «баланың денсаулық паспорты» нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

4) 063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

5) 2 дана 3×4 фото суреті.

Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы үш өтініш берушіге жүргізіледі, содан кейін бір өтінішті басқа шағын учаскеден қабылдауына болады (3:1 қағидаты бойынша).

1-сыныпқа барлық 6 жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатындар қабылданады.

Оқу бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізіледі. Осыған орай, мектеп бітіретін 9,11 сынып түлектері қорытынды аттестаттаудан өтеді.

9 сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады:

-оқыту тілі бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан;

-математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан;

-орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11 сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

-эссе түрінде оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;

-алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан;

-Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;

-орыс тілінде оқытатын мектептердегі Қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі бойынша тестілеу.

2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң педагогтың кәсіптік қызметте, материалдық қамтамасыз ету, көтермелеу, әлеуметтік кепілдіктер, педагогтың міндеттері мен құқықтарын көздейді. Атап айтатын болсақ, мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамын арттыру үшін магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы көзделген. Қаламызда магистр дәрежесі бар 38 мұғалім бар, олардың барлығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айлықтарына үстемақы алып отыр. Сондай-ақ сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсірілді. Бұдан бөлек, педагогикалық шеберлік үшін де үстеме төленеді. Яғни аттестациядан өткен педагогтер үшін арнайы біліктілік санаты үшін үстеме ақы төленіп отыр. Осы аталғандарды ескере отыра, Президентіміздің жолдауына сәйкес «Педагог мәртебесі» заңының қабылдануына орай, мұғалімдерді қайта даярлаудың жаңа жүйесін енгізу және жалақының өсуі — мектеп педагогтерінің мәртебесін көтеріп, жас мамандардың жаңа ағымын қамтамасыз етуге ықпал етері сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін электрондық форматқа көшіру жұмыстарын бастады. ҰБТ электронды форматта ағымдағы жылғы наурыз-маусым аралығында өткізіледі.

Наурыз-сәуір айларында ҰБТ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқуға түсуге ниет білдірушілер үшін өткізілді.

Сәуір айының 25-нен бастап 30 маусым аралығында ҰБТ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысушылар үшін және жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге ниет білдірушілер үшін де өткізіледі.Ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және 2020 жылғы ҰБТ аясында қабылданған шараларға ұқсас шараларды қабылдай отырып жүргізіледі. Жезқазған қаласында ҰБТ 2021жылдың 15 наурызы мен 10 сәуір аралығында Байқоңыров көшесі, 123 А ғимаратында (индустриальды-гуманитарлық колледж ғимаратының 3 қабатында) арнайы ҰБТ өткізу базасында өтті.

2021 жылға арналған бюджетте «Көктем» және «Ұшқын» балабақшалары, №9 мектеп-интернаты мен №133 негізгі мектебі күрделі жөндеуден өткізіледі.

Жеңіс ӘЛМАҒАНБЕТОВ,

Жезқазған қаласы білім бөлімінің басшысы

17:49
510

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020