​ЖӘНДІКТЕРМЕН КҮРЕС ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жезқазған қаласы тұрғын-үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен жасыл желектерді зиянкестерден, қоғамдық орындар мен Кеңгір жағалауын шыбын-шіркейден залалсыздандыру жұмыстары қарқын ала бастады.

Қалалық бюджеттен қарастырылған қаржы есебінен аталған жұмыстарды ақтөбелік «Дезинфекция» медициналық мекемесі мен алматылық «Аriana group» ЖШС кәсіпорындары жүргізбек. Талдарды жалаңаштаған құрттарды жою бірнеше сатытады жүргізілетінін айтқан жауапты мекеме мамандары дезинфекциялау кезінде Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген препараттар қолданылатынын жеткізді. Химиялық заттың қала тұрғындары мен қоршаған ортаға зияны тимейтініне сендірген ол мердігерлердің бұл салада 25 жыл жұмыс өтілі барына назар аудартты. Түнгі уақыттарда жүргізілетін дезинфекциялық жұмыстар қаладағы аумағы 427 га болатын жасыл желектерді қамтымақ. Сонымен бірге, мердігер «Дезинфекция» компаниясына гүлзарларды арамшөптен тазарту да жүктелген.

Қала көшелерінде арнайы киім киіп, ағаштарды дәрілеген жұмыскерлерді көрген жезқазғандықтар алғашқыда шошына қараса, қазір қуанып жатыр. Адам жанына сая болар ағаштың жазда жайқалып, одан қарша құрт жаумағаны қай тұрғынға болмасын ұнайтыны анық. 

11:47
1018

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020