​ҚЫЛ ҚАЛАМ ШЕБЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Жезқазған қаласының Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары «Келбет жобасы» аясында «Қылқалам шебері» атты сурет көрмесін, шеберлік сағатын өткізді. Бұл ісшара өлкемізге танымал дизайнер, суретші, мүсінші, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Дизайн, Бейнелеу, өнері және Технология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, ҚҰА академигі Қайрат Есмахайұлы Мұхамеджанның туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Сурет өнерінің сиқырын елемейтін адам кемде кем шығар. Бейнелеудің бейнетін қаншалықты екенін іштей сезгенімізбен еңбегінің бағалануы бала кезден басталса керек. Зер салып қарасақ, қай суретшінің болсын шығармалары көрген адамды бейжәй қалдырмасы анық. Олардың тағдыр жолы сан тараудан құралады. Суретші Қайрат Мұхамеджанның туындыларының негізгі тақырыбы – тарихи дүниелерді мүсіндеу. Ол — 2000 жылы қаламызда орнатылған «Ауған жауынгерлеріне» арналған мемориал және 2009 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Нұраталды совхозының маңында орналасқан «Ата жұрт» сәулет ескерткішінің және Сәтбаев қаласындағы Қ. Сәтбаев ескерткішінің авторы.

Автордың жұмыстары қойылған арнайы көрме арқылы кітапханашылар дизайнердің көп қырлы тұлғасын, мүсін өнері және дизайн саласындағы жұмыстарын және оларды орындаудағы ерекше техникасын оқырмандарға таныстыра отырып, шебердің шығармаларына деген сезімдерін білдірді. Қайрат Есмахайұлымен сұхбат жүргізіп, оның өмірі, жұмысы және алдағы шығармашылық жоспарлары жайлы біліп қайтты. Бұл ақпараттар алдағы уақытта кітапхананың сайттарында жарияланып, оқырмандар таныстырылатын болады.

Ғалия МАҒЗҰМОВА,

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы 

12:05
804

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020