​ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкке желбірегеніне, міне 30 жыл! Осы аралықта Қазақстан ғасырға пара-пар даму жолынан өтті. Ең бастысы, бүгінгі таңда еліміз азат, тұрғындарымыз бейбіт заманда бақытты ғұмыр кешуде. 2021 жыл Отанымыздың аса маңызды тарихи белесін атап өтетін маңызды шараларға толы. Егемендіктің 30 жылдығын атап өтуге байланысты арнайы ұйымдастыру тобы құрылды. Президент әкімшілігі бекіткен «Жасампаздыққа толы жылдар» атты тұжырымдамасына және Қарағанды облысы бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге арналған қалалық іс-шаралар жоспары жинақталды. Басты идея: «Жасампаздыққа толы жылдар».Негізгі түйін: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл – бұл Жасампаздыққа толы жылдар». Негізгі түйін басты идеяны логикалық тұрғыда жалғастырады және нақтылайды, еліміз бен оның азаматтары үшін Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын кеңінен әрі ықшам көрсетеді.

Қазақстан Республикасының 30 жылдығы тақырыбында қалада мерейлі жылдың идеологиялық мазмұнын ескере отырып, қаланың орталық көшелерін мерекелік безендіру ұйымдастырылды. Қаланың орталық алаңдары мен басты көшелеріне 3*6 өлшемдегі 5 баннер және 1*17 м өлшемдегі 2 тартпа ілінді. Безендіру жұмыстары 2021 жылға арналған конкурс жеңімпазы анықталған соң өз жалғасын табатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелеуге қатысты алға қойған міндеттерін ұстана отырып, қалалық жоспарға 54 іс-шара енгізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту республикалық жоспарына сәйкес оқиғалар қатары әр ай бойынша 12 тақырыптық бағытты қамтиды.

Қала мекемелері мен оқу орындарында барлығы 1200 аса іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Іс-шаралар халықтың барлық санаттарын қамтиды.

2021 жылдың 21 қаңтарында Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың кеңейтілген Үкімет жиналысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмеуі қажет деп атап көрсеткендей, қалада 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясындағы мемлекеттік мерекелерге арналып, іс-шаралар жоспарланған. Іс-шаралар мейлінше сапалы және мазмұнды деңгейде айтарлықтай шығынсыз өткізіледі.

Осы жылы құрылысы аяқталатын жаңа 5 көпқабатты үйлерден 176 пәтердің кілті жезқазғандықтардың игілігне табысталады. Бұл – 19180 ш.м. тұрғын үй.

Сонымен қатар, айтулы мерекенің құрметіне 320 орындық балабақшаны, 320 көрермендер орнын қамтитын дене шынқтыру-сауықтыру кешенін, Жезқазған қаласы көпсалалы ауруханасындағы жаңартылған перзентхананы, Теректі станциясындағы 80 орындық жаңа мектепті, аббаттандырылған 70 жаңа балалар ойын алаңдарын тарту етпекпіз. Оған қоса қаламызға жаңаша келбет беру мақсатында, көпқабатты үйлердің қабырғаларына тәуелсіздік және патриоттық сезім тақырыптарына арналған муралдар орнатылады.

Іс-шаралар жоспарында отансүйгіштікке, игі дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбилейтін, ұлттық рухты нығайтатын іс-шараларға арнайы орын бөлінген. «Жошы хан» тарихи – мәдени кешенінің, «Абай тағлымы» ескерткіш-кешенінің, «Руханият» аллеясының, «Алаш қайраткерлері» композициясының ашылуы елдігімізді сипаттаса, «Ұлытау үні» халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің аймақтық фестиваліне 30 жыл толуына орай өткізетін республикалық ақындар айтысы, «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумы, туған жерге деген мақтаныш, сүйспеншілік сезімдерін күшейтіп, жезқазғандықтарды жасампаздық істерге жұмылдырады деп сенеміз.

Жерлестер форумын нақтылап айтсақ, Жезқазған қаласынан қанаттанып, белгілі белестерге шыққан жерлестеріміз өз салаларында нақты істерді атқармақ. Мысалы, белгілі хирург, педагог, журналист және тағы басқа мамандардың семинар, мастер-класстары, спонсорлық және басқа да көмектері.

Жоспарға енгізілген іс-шаралар қатарындағы 1 іс-шара халықаралық деңгейде өткізіледі:

— қазан айында С.Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалін өткізу;

— 4 іс-шара республикалық деңгейде:

— «Келешек-2021» жас ғалымдар мен магистранттарға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция»

— «Ұлытау үні» аймақтық халық шығармашылығы және көркемөнерпаздар фестивалінің 30 жылдығы. Республикалық ақындар айтысы.

— «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумы»

— ХХІ Халықаралық Байқоңыр оқулары.

Оқиғалар қатары әр ай бойынша 12 тақырыптық бағытты қамтиды:

Қаңтар айы — "Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» айдарымен өтті. Қаламыздың барлық бұқаралық ақпарат құралдарында Тәуелсіздік 30 жылдығына арналған айдарлар мен бағдарламалар ашылды.

Жасампаз еңбегі Тәуелсіз Қазақстан құрылысының негізіне айналған түрлі салалардан шыққан «Еңбек Адамын» құрметтеуге арналған «шынайы тұлғалардағы тарих» жалпыұлттық челленджі аясында өтті. Еңбек династиялары туралы видеороликтер әзірленіп, отбасылар туралы мақалалар жарық көрді. Бұл жұмыс жыл бойы әрі қарай өз жалғасын табады. Қаламыздың барлық мекемелеріне үлгі тұтар отбасылар және еңбек династиялары туралы сұраныс жіберілді. Құрметті әріптестер еңбек династияларын дәріптеу ортақ ісіміз. Сіздерден лайықты еңбек династиялары бар болса, қажетті мәліметтерді күтеміз.

Ақпан айы – « Қазақстан-спорттық ұлт».

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақ қыс-2021» XVIII қысқы спорт түрлерінен онлайн іріктеу өтті. Іріктеуден өткен спортшылар облыстық жарысқа жолдама алды. Сонымен қатар спорт апталықтары барлық оқу орындарында өткізілді.

2021 жылдың 5 ақпан күні студенттер арасында онлайн Президенттік көпсайыс өтті. Жарыс бағдарламасы шаңғы тебу, мылтық ату, күштік спорт түрлері, белтемірге тартылу, денені жерден көтеру.

2021 жылдың 10-14 ақпан аралығында Жасөспірімдер мен қыздар және ересектер арасында садақ атудан қалалық біріншілік өтті.

2021 жылдың 21 ақпан күні Малшыбайға ауылында садақ атудан шеберлік сабақ өтті.

Наурыз айы — «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» тақырыбында өтеді.

Негізгі іс-шаралар ол «30 игі іс» атты марафонының бастау алуы. 1 Наурыз – Алғыс айту күнінен бастап қаламызда көптеген қайырымдылық акциялары өтті.

8 наурыз Халықаралақ әйелдер күніне қарсы Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан әйелдерге құрмет көрсетілді.

Наурыз мейрамын өткізу ол Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдамасына сәйкес жасалды.

Сәуір айы — «Ғылым және технология» тақырыбына арналды. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дебаттан қала әкімінің кубогы өтеді. Қала оқу орындарында ғылыми жоба конкурстары ұйымдастырылады. «Жастардың техникалық шығармашылығы-2021» атты робототехника бойынша қала мектептерінде жарыстар өткізіліп, жеңімпаздары облыстық жарыстарға жолдама алды.

Мамыр айы — «Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық» тақырыбында өтті.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Ұлысқа ортақ үй — Қазақстан», Отан Қорғаушылар мерекесіне «Менің Отаным-Қазақстан», Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мерекелік іс-шараларды ұйымдастырылды. Мамыр айының мерекесіне арналған қаламызда 50 астам іс –шара өткізілді.

Қала әкімінің қатысуымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізу жоспары тағы бар.

Маусым — «Патриотизм» айы. Бұл ай қала жұртшылығы үшін өте маңызды және тарихи ай. Көптен күткен Жошы-хан тарихи-мәдени комплексі ашылуы жоспарланған.

Мемлекеттік мерекелер: балалар күні және мемлекеттік рәміздер күні тәрбиелік, патриоттық рухта ұйымдастырылатын болады. Бөлек іс-шаралар жоспары әзірленеді. Атап айтсақ, «Ұлттық патриотизм рухы» жастар арасында флэш-мобы ұйымдастыру жоспарланған. Бұл акцияларға қала жастары да белсенді қатысады.

Шілде айы — «Астана күні. Нұр – Сұлтан табыс пен өркендеудің символы» тақырыбында өтеді. Ай жалпыұлттық домбыра күнін мерекелеумен басталады. Одан әрі қарай 6 шілде Астана күнін мерекелеумен жалғасады. Астана күні қарсаңында Алашахан 34И мекен –жайындағы 5 қабатты 30 пәтерлік үйдің кілтін беру жоспарланған.

Тамыз — «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам» тақырыбында.

«Абай тағылымы» и «Руханият» Аллеясының ашылуы жоспарланған. ЖШС «С және Жест» кәсіпкерлері «Жезқазған құрылыс материалдары зауытын ашу» жоспарланған.

Тамыз айында қала көркіне заманауи сән беретін бірнеше муралдар салынатын болады. 70 балалар ойнайтын алаңдар да тамыз айында аяқталынуы жоспарланған.

Тамыз айының соңы дәстүрлі тамыз конференциясымен және Қазақстан Республикасының Конституция күнімен аяқталады.

Мемлекеттік мереке қарсаңында қаламыздағы Байконурова көшесіндегі 18 пәтерлі 28А үй кредиттік тұрғын үйлердің кілті табысталады.

Қыркүйек — «Білім» айы. Қаламыздың барлық оқу орындарында білім күнін меренкелеумен бастау алады. «Білім беру саласында 30 стартап» жобасын іске қосу бойынша барлық мектептерде өтеді.

С. Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған Жанат Хаджиев атындағы Халықаралық театрлар фестивалін өткізу жоспарланған. Бұл облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен жылда біздің қалада өтеді.

"Ұлытау үні" аймақтық халық шығармашылығы және көркемөнерпаздар фестивалінің 30 жылдығы. Республикалық ақындар айтысы өтеді.

«Туған жерге туыңды тік» жерлестер форумы жоспарланған.

Қазан — «Ауылды қайта түлету» айы бойынша ауылдарымызда нақты іс-шаралар жоспарланбаған. 1 қазан қарттар күні атап өтіледі. Ауыл еңбеккерлеріне арналған «Еңбек адамы» сериясынан бағдарламалар, мақалалар, сұхбаттар топтамасын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде жариланады.

Қараша — «Цифрлық экономика. Индустриалды-инновациялық адму» тақырыбында.

Жастар кәсіпкерлігін қолдауға Жезқазған қаласы әкімінің гранттарының жеңімпаздарын анықталынып гранттар табыс етіледі. Биыл жергілікті бюджеттен 10 млн теңге қарастырылып отыр.

Келесі ашылатын жаңа нысандар қаламыздың экономикасын әртараптандыру арқылы дамытуға, индустриялық қуатын арттыруға бағытталған. Олар — Жезқазған құрылыс материалдар зауыты, Өнеркәсіптік реагенттер химия зауыты, Қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеу бойынша тәжірибелік зауыты.

Қараша айында «Мен жас қазақстандықпын!» жастардың патриоттық форумы өтеді.

Желтоқсан айы — «Орындалған арман — Тәуелсіздік. Қазақстан жолы» тақырыбында. Қаламыздың барлық оқу ұйымдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі туралы жалпыұлттық ашық сабақтар ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстандықтарды «Елді құттықта!» құттықтаулары мен тілектерімен онлайн флэш-мобы ұйымдастырылады.

Жезқазған қаласында бассейні бар 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс аяқталып, қала тұрғындары игілігіне тапсырылады. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде ХХІ Халықаралық Байқоңыр оқуларын ұйымдастырылады.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше үйдің кілті табысталатын болады.

Және негізгі қалалық іс-шара қала әкімінің қатысуымен Қазақстан әр өңірге өзіндік үлес қосқан азаматтарын мемлекеттік наградалармен, мерейтойлық медальдармен марапаттау және құрмет көрсету бойынша салтанатты жиын өтеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу барысында ұйымдастырылатын іс-шаралардың барлығы кеңінен ақпараттық сүйемелденіп, әлеуметтік желіге де жараияланып тұрады.

Қазақстан Республикасының 30 жылдығын мерекелеу барысына кеңінен апараттық қолдау көрсетілетін болады. Бүгінгі күні «Дидар» телеарнасында «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты бағдарлама өз бастауын алды. 4 бағдарлама телеарна арқылы көрсетілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» сюжеттер циклы жарық көруде. Сарыарқа газетінде «Тәуелсіздік жылнамасы» атты айдар, «Жезказганский вестник газетінде «Летопись Независимости Казахстана» айдарлары ашылды.

Мереке МЫРЗАБЕКОВА,

Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы

12:08
946

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020