УАҚЫТПЕН ҮНДЕС ҮРДІСТЕР

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – біздің ата-бабаларымыз армандаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл бұл тез өтіп кететін уақыт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындықтар мен қуаныштардың, дағдарыстар мен көтерілістердің дәуірі болуы мүмкін. III мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы типтегі Қазақстан мемлекеттілігі 1990-2000 жылдар аралығында қалыптасты.

Қазақстан дамудың жаңа жолына түсті. Қазіргі таңда халқымыз өз мәдениетін, тілін, діні мен дәстүрін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Біз тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан жас мемлекет болып саналғанымызбен, тарихы тереңде жатқаны мәлім. Осы өткен 30 жылда Қазақстан осындай ең елеулі жетістіктерге жетті:

1. 1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан АҚШ, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады.

2. 1991 жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы қазақ баласының ғарышқа ұшуымен тікелей байланысты.

3. 1992 жылдың 2 науырызнда Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі атанды. Азаттық алған алаш жұрты алты құрлыққа аты мәшһүр болмаса да, сыртқы саясатта көпвекторлы бағыт ұстанатынын алғашқы күннен бастап танытты. Сол арқылы алыс-жақын шетелдермен саяси-ынтымақтастықта, тату көршілік бауырластықта араласатынын аңғартты. Бұл қадамда Қазақ елінің БҰҰ-ға мүшелігі айрықша маңызды еді.

4. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР мемлекеттік туы», «ҚР мемлекеттік елтаңбасы», «ҚР мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.

5. 1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Ядролық қаруды тараптау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады.

6. 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

7. 2003 жылы Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі саналары анық.

8. 2006 жылдың қантарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды.

9. 2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті. Ел тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық Қазақстан тұрғындарының саны 16 миллион 4800 адам болғандығын көрсетті.

10. 2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.

11. 2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленеді.

12. 2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агентікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.

13. 2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

14. 2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралықұйым қатысты.

15. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.

16. 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

Осы 30 жылдың ішінде Әділет органдары да талай өзгерістерге ұшырап, көптеген жетістіктерге жетті. «Әділет органдары туралы» Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттері жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады. Қазақстанда орта есеппен жылыңа 61 заң жобасы әзірленуде. Соңғы жылдар ішінде заң жобалау жұмыстарының барлық ағымдағы жоспарларының 100%-ға орындалуы маңызды факт болып табылады. Министрлік оның айрықша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әзірленген заң жобаларынан басқа, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлік кодексінің, «Төрелік туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін жаңа «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» заң жобаларын әзірледі. Атап айтқанда, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі әкімшілік рәсімдерді жүргізудегі жаңашыл шешім. Осындай кодекстің қабылданғаны мемлекеттің халқымыздың үніне құлақ асатыны бір дәлелі. Жалпы, Әділет органдары Қазақстанымыздң ілгері дамуына, заңнаманы одан әрі жетілдіруге және қоғамның жоғары құқықтық мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді.

Дегенмен, 30 жыл ішінде ел өзгерді, халықтың тұрмысы жақсарды. Ел тағдыры сыңға түскен шақта ел болып бірігіп, бүкіл әлемді алаңдатқан пандемияны жеңіп шығу өз қолымызда. Бүгінде халқымыз тыныш бейбіт өмір сүріп отырғаны халықты қуантады. Сондықтан-да біз достық пен бейбітшілікті қадірлеуді үйренуіміз керек.

Б.Наумагамбетов,

Жезқазған қаласы ауданаралық Әділет басқармасының басшысы

13:39
1792

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020