​Жеңіс Қасымбек: КЕЗ КЕЛГЕН НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді талап етті. Мұндай тапсырманы өңір басшысы тек қалалар мен аудандар әкімдіктеріне ғана емес, сонымен қатар коммуналдық қызметтерге, мердігерлерге де берді , деп хабарлайды облыс әкімінің  баспасөз қызметі .

– Жұмыстағы кез келген немқұрайлылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте.

Облыс әкімі барлық елді мекендерде қауіпті болуы ықтимал жерлерді тексеруді, әсіресе жерде жатқан ашық сымдары бар жерлерді және т.б. аумақтарды назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

– Қарағанды қаласының аудан әкімдіктерінің өтініштерінен кейін қала тұрғындары әлеуметтік желілерде нысандардағы ашық сымдардың суреттерін жаппай жариялап жатқанын көріп отырмын, – деді Жеңіс Қасымбек. — Барлық фактілерге жедел әрекет етіңіздер!

Сондай-ақ, әкім балалар алаңдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты осыған дейін берген тапсырмасын еске салды.

– Мердігерлер кемшіліктерді түзетуге асығар емес. Кезекті төтенше оқиға болғанын күтіп отырсыздар ма? Әкімдіктерге балалардың барлық ойын алаңдарын тағы бір рет тексеруді тапсырамын. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтерге жөндеуден кейін аумақты тазалау туралы бірнеше рет айтқанбыз, бірақ тұрғындардан шағымдар азаймауда. Қайталап ескртемін, сіздерден кейін шұңқырлар, қазылған жолдар және адамдар үшін басқа да қолайсыздықтар қалмауы тиіс, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесінде еш немқұрайлылық болмауы тиіс. Уақыт өте келе барлығы ұмытылып кетеді және жабулы қазан жабылған күйде қалады деп ойламаңыздар.

Облыс әкімі апта сайын атқарылған жұмыстар туралы баяндап отыруды тапсырды.

17:12
283

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020