​ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА «ҚАЗАҚПАРАТ» АГЕНТТІГІ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ 100 ӘҢГІМЕ» ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ

Үшінші онжылдықты еңсеріп отырған еліміздің мерейлі тойы қарсаңында «Қазақпарат» агенттігі «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» жобасын іске асырды. Айда Балаева, Дәурен Абаев және Асқар Омаровтың жетекшілігімен дайындалған кітапта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, егемендік алған еліміздің алғашқы премьер-министрі Сергей Трещенко, Парламент сенаты І шақырылымының депутаты Еркеш Нұрпейісов, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров бастаған қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар спортшылар мен өнер тарландары еліміздің Тәуелсіздік жылдарынан бастап бүгінге дейінгі өткен жолы туралы жарқын естеліктерімен бөліскен.

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстанның ішкі саясаты: алғашқы тәжірибелер мен сабақтар» деп аталған естелігінде Қазақстанның Кеңес одағынан бөлініп жеке дара мемлекет болуы, ел экономикасындағы өзгерістер, сыртқы елдер көзқарасы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы көрегендігі, ұшқыр ойы мен ұтымды шешімдері жайлы кеңінен тарқатып, Тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі өткен жолы туралы көпке белгісіз тың деректерді келтірген.

12:14
383

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020