​ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУЫНА КІМ ҚАТЫСАДЫ?

Қарағанды облысында ауыл әкімі лауазымына ең жас үміткер 26 жаста, ең үлкені – 61 жаста. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады .

Жерлестерінің сенімі үшін алғашқылардың қатарында кімдер таласып, халық таңдаған әкім болуға шешім қабылдағаны туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов айтып берді.

– Кандидаттарды ұсыну 26 маусымда басталды. 1 шілдедегі жағдай бойынша 195 адам алға шықты. Көпшілігі ер адамдар. Әйелдер – 15%. Өз кандидатураларын ұсынғандардың арасында кәсіпкерлер, уақытша жұмыс істемейтін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас, – деді ол.

Облыстық сайлау комиссиясының басшысы ең жас үміткердің 26 жаста екенін айтты. Ол ХҚКО қызметкері. Ал ең үлкені, 61 жастағы ер адам мемлекеттік қызметші.

Алғашқы тікелей сайлауға өтініш білдіргендердің арасында жұмыс істеп жатқан үш ауыл әкімі бар.

Кандидатуралардың негізгі бөлігі – өзін-өзі ұсынушылар. Оларға округтегі сайлаушылардың қолдарының кем дегенде бір пайызын жинауы керек.

Партиялардан әзірге 30 адам ұсынып отырған Nur Otan белсенділік танытты.

– Қазіргі уақытта орташа бәсекелестік бір орынға екі адамды құрайды. Үш үміткер Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде, Қарқаралы ауданының Мәди және Аманжолов ауылдық округтерінде, Бұқар Жырау ауданының Бұқар Жырау ауылдық округінде, Нұра ауданының Жараспай ауылында, Ұлытау ауданының Алғабас ауылдық округінде, Шахтинск қаласының Новодолинский кентінде ұсынылды, – деп атап өтті Ерқара Аймағамбетов.

Ұсыну 9 шілдеде аяқталады. Осы мерзімнен бір күн бұрын, егер қандай да бір елді мекендерде бір ғана кандидат болса, екіншісін аудан әкімі ұсынуға құқылы.

Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау 25 шілдеде өтеді. Олар 149 елді мекенде өтеді. Өңірдің барлық тоғыз ауданы, сондай-ақ Шахтинск қаласында Долинка, Шахан, Новодолинка кенттері, Саранда Ақтас, Қаражалда Жәйрем, Жезқазғанда Талап және Балқашта Гүлшат кенттері қамтылады.

Дауыс беруге 81 мыңнан астам сайлаушы қатыса алады. Төрт жылдық мерзімге 75 ауыл әкімін сайлау жоспарлануда.

13:26
203

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020