​ВАКЦИНАЛАУ ҚҰЖАТЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген eGov mobile мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық вакциналау паспортының жаңа нұсқасы пайда болды.

Вакцинаның толық курсын алған адамдарға 3 тілдегі электрондық құжат беріледі. Құжаттың жаңа нұсқасына туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады. Сол арқылы құжаттың заңдылығын тексеруге болады.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушы телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісе алады. Сондай-ақ, еGOV mobile мобильдік қосымшасынан вакциналау құжатын көрсетуге мүмкіндігі жоқ адам вакцина алғандығын растау үшін медицина қызметкері ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар. 

16:27
161

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020