​Серікжан БАЙБОСЫНОВ: ӘКІМДЕРДІ ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ – ДЕМОКРАТИЯНЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Қарағанды облысында ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау 25 шілдеге жоспарланған. Бұл демократияны нығайтуға бағытталған маңызды қадам, оған ауылдың әрбір тұрғынының әл-ауқаты тәуелді болады, деп санайды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалының директоры Серікжан Байбосынов.

– Біздің өндірушілер негізінен ауылдық жерлерде тұрады. Әкімді таңдау арқылы олар мемлекеттік басқаруға қатыса алады. «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы да осы туралы баяндайды. Әкімдер халық алдында тікелей есеп береді және өзгенің бағдарламаларына сілтеме жасамайды. Үгіт жұмыстары басталған кезде, олар өз елді мекендерінің қажеттіліктерін ескере отырып, нақты бағдарламалар немесе жобалар ұсынуы керек, – дейді Серікжан Байбосынов. – Адамдар туған ауылының дамуы олардың азаматтық белсенділігі мен таңдауына байланысты болатынын түсінуі керек. Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысатынына сенімдімін, өйткені олардың әрқайсысы кішкентай Отанына шын жүректен алаңдайды.

Спикер үлкен жауапкершілік аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларына, жергілікті әкімдіктерге жүктелетінін атап өтті. Көп нәрсе олардың дайындық және түсіндіру жұмыстарын қаншалықты сапалы жүргізетіндігіне байланысты болады.

– Саяси партиялардың өкілдері ғана емес, өзін-өзі ұсынатын кандидаттар бола алады. Ең бастысы, бюллетеньдерде «Бәріне қарсы» деген тармақ болады. Бұл демократиялық қоғамның тағы бір талабы, – деп қосты Серікжан Байбосынов.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында алғашқы тікелей сайлауда 75 ауыл әкімін сайлау жоспарланған. Сайлау 149 елді мекенде өтеді, онда 134 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде 81 мыңнан астамы сайлаушылар. Сайлауға 164 сайлау комиссиясы қатысады — 15 аумақтық және 149 учаскелік.

19:34
187

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020