​ЕКПЕ ҒАНА ЕМ БОЛАДЫ

Қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – міндетті вакцина алу. Екінші шілдеден бастап күшіне енген Б ас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың кезекті қаулысына сәйкес барлық мекеме, халыққа қызмет көрсету орындарының қызметкерлері екпе алуға міндеттелді. Тек қана денсаулық жағдайына байланысты рұхсат етілгендер – созылмалы ауруы барлар және COVID-19-бен ауырғаннан кейін үш ай өтпеген азаматтар ғана міндетті екпеден босатылады. Ал екпеден босатылмағандар 15 шілдеге дейін вакцинаның І компонентін, 15 тамызға дейін ІІ компонентін алып үлгеруі тиіс. Вакцинадан бас тартқан жағдайда аптасына бір рет ақылы ПТР-тестін тапсырып отыру қажет. Денсаулығы вакцина алуға жарамайтын және соңғы 3 айда коронавируспен ауырғандар ғана ПТР-тестін тапсырмауларына болады.

Бүгінге дейін қаламызда 16500 адам вакцина алған. Солардың бірі – Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Арман Кенжебек.

– Коронавирусқа қарсы екпе егу шаралары 2 ақпаннан басталғаны белгілі. Сол уақыттан бері вакцина туралы барлық ақпараттарды зерттеп, жүйелеп, толыққанды қарастырдым. Білесіздер, ел арасында екпеге қатысты сан түрлі қауөсет жүріп жатыр. Міндетті екпеге қарсы шығушылар да бой көрсетуде. «Екпе денсаулыққа зиян. Белсіздікке, бедеулікке шалдықтырады немесе бірнеше жылдардан соң кері әсерін тигізіеді» деген сыңайлы біраз әңгімені де құлағымыз шалып, көзбен көріп, куә болып жүрміз. Дегенмен, тарихқа көз жүгіртсек, адамзат үшін аса қауіпті барлық жұқпалы аурулар екпенің көмегімен ғана ауыздықталған. Кез келген елдің басты капиталы, басты байлығы – адам. Дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің барлығы дерлік жаппай екпеге көшіп жатыр. Осы тұста олар өз халқын қолдан қырып, адами капиталын азайтатындай ақымақ емес қой. Мұның барлығы, керісінше, халықтың денсаулығын жақсарту, адам өлімін азайту мақсатында жүргізіліп жатқанынын ескеруміз керек, – деген ол барлық жезқазғандықтарды екпе алуға үндейтінін жеткізді.

Вакцина алған қала тұрғындарының қатарында Таңшолпан Төлендиева да бар.

– Қазір барлық мекемелер өз қызметкерлерін екпе алуға міндеттеп жатыр ғой. Бұған түсіністікпен қарауымыз керек деп ойлаймын. Себебі, ауру күн сайын үдеп келеді. Тәулік сайын ауру жұқтырғандар саны артуда. Қарағанды облысы қайтадан «қызыл» аймаққа өтті. Екпе алу неғұрлым жетел қарқын алшса, коронавирустың тарау қарқыны да соғұрлым бәсеңдейтін болады, – дейді ол.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

20:03
743

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020