Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ: ӘКІМДЕР ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСЕДІ

Қарағанды облысында 25 шілдеде ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерін тікелей сайлау басталады. Маңызды саяси оқиға қарсаңында саясаттанушы, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы Елдос Жұмағұлов өз пікірін білдірді.

Ол мұндай сайлау бірінші кезекте халық үшін маңызды екенін атап өтті.

– Тікелей сайлауда қандай артықшылықтар бар? Біріншіден, әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі арта түседі, өйткені оларды халық таңдап, ұсынады. Олар жоғары тұрған органдардың емес, халықтың тікелей бағынысында болады. Екіншіден, халық туған ауылының тыныс-тіршілігіне белсене қатыса алады. Себебі, әкімді таңдай отырып, ауыл тұрғындары оған өз мүдделерін қорғауға, өмір сапасын жақсартуға өкілеттік береді, – деп атап өтті Елдос Жұмағұлов.

Сонымен қатар, «Барлығына қарсы» тармағы да маңызды болып табылады, деп қосты спикер. Бұл ауыл тұрғындарына сайлау фактісіне дау айтпастан кандидаттарға сенімсіздік білдіру құқығын береді.

Айта кетейік, 25 шілдеде Қарағанды облысында 75 ауыл әкімін сайлау жоспарланған. Сайлау 134 мыңнан астам адам тұратын 149 елді мекенде өтеді, оның ішінде сайлаушылар саны – 81 мыңнан астам адамды құрайды, сайлауды өткізуге 164 сайлау комиссиясы – 15 аумақтық және 149 учаскелік комиссия қатысады.

14:50
384

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020