​КАНДИДАТТАР НАЗАРЫНА!

Жезқазған қаласы Талап ауылы әкімінің сайлауына кандидаттар мен саяси партиялардың  НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес, «Сарыарқа» газетінің редакциясы» ЖШСЖезқазған қаласы Талап ауылы әкімінің сайлауына кандидаттардың (бұдан әрі – Кандидаттар) сайлауалды үгіт материалдарына ақылы негізде орын беретінін хабарлайды және сайлауалды үгіт материалдарының төмендегідей бағасы мен оларды газетке орналастыру шарттарын, орын беру тәртібін жариялайды:

– ақылы материалдың көлемі шаршы сантиметрмен есептеледі;

– газеттің бірінші бетіне орналастырылатын сайлауалды үгіт материалының көлемі 350 шаршы сантиметрден аспауы тиіс;
– кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарына орын беру материалдардың редакцияға келіп түсу ретіне қарай түзілетін кезек арқылы жүзеге асады;

Үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың әр шаршы сантиметрі үшін алынатын төлем мөлшері:

  • Ø 1-бет үшін – 300 теңге;
  • Ø түрлі-түсті беттер үшін –200 теңге;
  • Ø ақ-қара түсті беттер үшін – 100 теңге.

«САРЫАРҚА ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖШС

14:06
858

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020