​ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ

Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында бүгін Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №22 "Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 20-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы  қаулысы  қабылданды . Соған сәйкес:

-мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызметкерлердің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау, кеңестер, семинарлар және т.б. өткізу (шұғыл шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда), тыйым салынады. Оларды қашықтықтан өткізу форматында мүмкіндік болмаған жағдайда, күндізгі режимде кеңес (отырыс) өткізу алгоритмін қатаң сақтау қамтамасыз етіледі;

-профилактикалық вакцинациялауды тек бірінші компонентпен 1 тамыздан кешіктірмей вакцинациялауды қажет ететін ірі ұйымдасқан ұжымдардың (өнеркәсіптік кәсіпорындардың) қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID – 19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) ҚО БМСД №21 қаулысына сәйкес қалған контингенттер үшін вакцинациялау өзгеріссіз қалдырылды.

— Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемдеріне өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және жағажайлар және т.б.) оған сәйкес «Ashyq» жобасын шектеусіз пайдалана отырып, "Қызыл аймақ" бойынша толымдылығы 50% — дан аспайтын шектеулер енгізілді.

Бұдан басқа, қаулымен қалалық және қоғамдық жағажайлар аумағында жағажай жабдықтарын (шезлонгтар, шешінетін бөлмелер, аяқ жуғыштар және т.б.) әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтай отырып және сигналдық белгілеулерді, шектеу кедергілері мен ленталарды, сондай-ақ қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты енгізе отырып орналастыруды қамтамасыз ету көзделген.

Қаулы 2021 жылғы 10 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

19:30
360

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020