​Бюллетеньдер туралы ОСК қаулысы шықты

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1 және 6-тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі (қызмет бабында пайдалану үшін) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Аумақтық сайлау комиссиялары аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды өткізу кезінде:

1) сайлау бюллетеньдерін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындауды қамтамасыз етсін;

2) сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыстардың сайлау комиссияларына жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы


С. Мұстафина

Нұр-Сұлтан қаласы,

2021 жылғы 7 шілде,

№ 9/416

11:55
1078

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020