​Сайлау-2021: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 75 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН 303 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

Сайлауға кандидаттарды ұсыну кезеңі 9 шілдеде аяқталды. Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетовтың  айтуынша , облыста барлығы 75 сайлау округінен 303 кандидат ұсынылды. Оның 87-сі саяси партиялардан үміткер болса, қалған 216-сы өзін-өзі ұсынған азаматтар.

– Барлық округтерде үш-жеті кандидат ұсынылды. Саяси партиялар 87 үміткерді ұсынды: NurOtan партиясы – 62, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП және «АDAL» ПП – 3, ҚХП – 14. Орташа бәсекелестік бір орынға 4,1 адамды құрады, — деп атап өтті Ерқара Аймағамбетов.

Он төртінші шілдеде сағат 18:00-де Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлауға кандидаттарды тіркеу аяқталады. Қазіргі уақытта облсайлауком олардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. 15 шілдеден бастап үгіт науқаны басталады.

Тексеру барысында мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмегендіктен 10 үміткерге тіркеуден бас тартылды. 303 үміткердің тағы бірі өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді. Осылайша, 10 шілдедегі жағдай бойынша 292 кандидат қалды, олардың 142-сі тіркелді.

– Сайлауалды кезеңінде үлкен бәсекелестік пен қызығушылық байқалады. Бір орынға 6–7 үміткерден ұсынған ауылдық округтер бар. Өзін-өзі ұсынған 216 адамның 90-ы сайлаушылардың қолдауға қажетті қолдарын жинады. Арнайы тексеруге 247 үміткердің құжаттары жіберілді, – деп толықтырды Ерқара Аймағамбетов.

Әлеуетті әкімдердің орташа жасы – 43 жас. Ең үлкені – 61 жаста. Әйелдердің жалпы саны шамамен 16%. Барлық үміткерлердің жоғары білімі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Қарағанды облысында 130 мыңнан астам адам тұратын 149 елді мекенде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Тікелей сайлауды өткізуге 164 сайлау комиссиясы – 15 аумақтық және 49 учаскелік комиссия жұмылдырылады.

15:34
319

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020