​САҚТЫҚҚА ШАҚЫРДЫ

Залалды індет ауыздықтауға көнбей тұр. Карантин шараларына қарамастан COVID-19 қайта өріс алуда. Соның бір дәлелі – Қарағанды облысы, оның ішінде Жезқазған қаласының «қызыл» аймаққа енуі. Бүгінде облысымыз Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Атырау облысымен бірге карантин жағдайы қатаңдатылған өңірлер тізіміне енді. Осы тұста халықты нақты эпидемиологиялық ахуалмен ақпараттандыру мақсатында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Ләззат РАНОВА брифинг өткізіп, вирустың таралу қарқыны туралы баяндады.

Жезқазған-Сәтбаев қалалары бойынша жыл басынан 14 шілдеге дейін 3300 адам коронавирус індетіне шалдыққан, ал анықталмаған вирусы бар пневмониямен ауырғандар саны – 93. Науқастар өздерінен бөлек 799 адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Яғни, үй карантинінде болғандар саны – 799 адам.

– 13 шілдеде айналдырған бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын 38 жұқтырған науқас тіркелді. 320 орынға шақталған инфекциялық стационарда 197 адам ем алуда. Жансақтау бөлімінде 11 науқас жатыр. Ал өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысына 3 адам қосылды. Маусым айының 20-сынан бастап Жезқазған қалалық көпсалалы ауруханасынан 90 орынды инфекциялық бөлім ащшылды.Жағдайдың күрделеніп жатқанын барлығыңызда көріп, естіп-біліп отырсыздар. Бұның бір себебі тұрғындардың аурудан сақтану талаптарына немқұрайлы қарағанынан туындап отыр. Отбасылық жиын-тойлардың, ұжымдық басқосулардың да тым жиілеп кетуі де ауру қауаін жоғарылатады. Алда Құрбан айт, металлургтер мерекесі келе жатыр. Осыған байланысты үйлеріңізге көп адамды жинамауды және өздеріңіз де кісі қарасы қалың орындардан аулақ болуыларыңызды өтініп сұраймыз, – деген Ләззат Нәбиқызы аурудың алдын алуға шақырды.

Коронавирустың таралуына тосқауыл болып, одан келер қауіпті сейілтетін – вакцина ғана. Осы тұста қаламызда да екпе алушылар саны артып келе жатқаны көңіл қауантады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлісіне сәйкес мысты шаһарға І компонентті вакцинаның 24241-і жеткізлсе, ІІ компонент бойынша 19010-ы әкелінген. Соңғы есептеулер бойынша екпенің І компонентін ектіргендер саны 20105-ке жеткен, ал ІІ компонентті алғандар саны 12075 адамды құрап отыр. Вакцина паспортын екі компонентті толық салғызғаннан кейін «еGov» электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

10:08
1607

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020