​ҚОРЫҚШЫ ҚАНЫШ НҰРТАЗИНОВТЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ 18 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Ақмола облысында бір қорықшыны атып өлтіріп, екіншісін жаралаған күдікті алдағы 18 жылын абақтыда өткізеді .

Соттың хабарлауынша, 4 наурызда Ақмола облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Жарқайың ауданындағы «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Қаныш Нұртазиновты өлтіріп, оның әріптесі Самат Оспановты жаралаған браконьерге қатысты сот үкімі шықты.

Сот сотталушы А.А.Бонякевичті ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі 2 және 10-бөлімшелері, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі, 1, 2 және 10- бөлімшелері, 337-бабының 4 бөлігі, 2 және 4-бөлімшлері бойынша кінәлі деп таныды. Осыған қарай, оның жасаған қылмысы үшін 18 жылға бас бостандығынан айыру, 3 жылға әуесқой аңшылықпен айналысу құқынан айыру, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең жоғары мекмесінде өтеу түрінде үкім шығарды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен атап өткендей, сотталушыдан зардап шеккен тарапқа, яғни, қаза болған қорықшының туыстарына 10 000 000 теңге, зардап шеккен қорықшыға 1500 000 теңге көлемінде моральдық шығын ретінде өтемақы және келтірілген материалдық шығын үшін мемлекет мүддесіне 5 681 250 теңге өндіріліп алынды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

15:37
1252

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020