КОРОНАВИРУС: ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», — деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз» деген пікір қалдырды.

11:32
587

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020