Алмаз ШАРМАН: ІНДЕТТІ ВАКЦИНАМЕН ЖЕҢЕМІЗ

Ғасырдың ең кеселді індетіне айналған коронавирусқа шалдықққандар саны 199 млн-нан асса, 4,24 млн адам қайтыс болыпты. Бүгінгі таңда жаһан жұртын қынадай қырып, талай отбасыны қазаға ұшыратқан аталған ауруға төтеп берер жалғыз күш – вакцина. 100000 тұрғынға шаққанда ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары елдердің алдыңғы көшінен орын алған елімізде халықтың 20 пайызы ғана екпе салдырыпты. Ел арасында вакцинаға қарсы азаматтар саны да басым болып отыр. Олар өздері вакцина салдырмағанымен қоса, айналасындағы өзге адамдарды да екпеден алшақ болуға үгіттеп, түрлі жалған ақпараттарды мысалға алады. Осы тұста жезқазғандық тұрғындарға екпенің маңызы жайлы сенімді ақпарат беру мақсатында 101 мың жазылушысы бар «еtozhez» инстаграм парақшасында профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор, иммунолог Алмаз ШАРМАНМЕН тікелей эфир ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда дүние жүзінде 4 млрд адам екпе салдырған. Вакциналау АҚШ, Германия, Бразилия, Қытай елдерінде қарқынды жүргізілуде. Ұлыбритания халқының 100 пайызға жуығы екпе салған. Соның нәтижесінде бұл ел қалыпты жұмыс режиміне көшіп, қоғамдық орындарды қайта ашуда. Әлем бойынша ең көп қолданылған вакциналарға «Pfizer/BioNTech», «Oxford/AstraZeneca», «Moderna», «Спутник-V» және «Sinopharm» еніп отыр.

Тікелей эфир барысында өзінің тәуелсіз дәрігер екенін, қандай да бір тараптардың пікірін қорғамайтынын жеткізген Алмаз Шарман жезқазғандықтарға вакцина алуға кеңес берді. Ол әкесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қ азақстанның еңбек сіңірген қайраткері , Қазақ тағамтану академиясының президенті, Ресей медицина ғылым академиясының және Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Алматы және Жезқазған қалаларының Құрметті азаматы Төрегелді Шармановтың тәрбиесі мен мол тағылымының нәтижесінде денсаулық сақтау саласына көңілі ауғанын, қазір бұл саланы таңдағанына еш өкінбейтінін, дәрігер болу арқылы әлемді танып, көптеген білікті мамандармен танысып жора-жолдас болғанын айтқан ол өзі де екпе алып, іштегі қорқынышын жеңгенін айтты.

Тікелей эфир барысында оқырмандардан келген сұрақтың көбі оның қарсы көрсетілімі тұрғысында өрбіді.

Біз аса назар аудармаймыз, дегенмен өзіңіз алған кез келген дәрі-дәрмектің қорапшасын ашып қараңызшы. Оның ішіндегі түсіндірме қағазында кем дегенде 4-5 қарсы көрсетілімі барын байқайсыз. Сол сияқты қарсы көрсетілім барлық нәрседе болады. Кәдімгі күнделікті жеген нанымыздан да қарсы көрсетілім болып, ағзамызға басқаша әсер етуі мүмкін. Көп адамдар, әсіресе, антиваксерлер негізсіз, ғылыми дәлелденбеген болжамды пікірлерді алға тартып, өзгелерді де екпе алмауға шақырады. Сол арқылы тек өзіне ғана емес, өзгелердің де өміроіне зиянын тигізеді. Тәжірибе дәлеледегендей, ия вакцина алғандар арасында ковид жұқтырғандар табылған, дегенмен олардың арасында өмірден озғандары, өкпенің жасанды тыныстау құралғысына таңылғандар жоқ. Сол себепті, кез келген мағлұмааттың рас-жалғаныдығына әбден көз жетікізіп барып қана әрекет етуіміз қажет, деген Алмаз Шарманов тұрғындардан той-томалақты, отбасылық жиындарды кейінге қалдыра тұруды өтінді.

Эфирде қыз-келіншектерді алаңдатқан тағы бір сауал вакцина алғаннан кейін бала көтеру тақырыбында өрбіді. Бұл сұраққа профессор екпенің ІІ компонентін алғаннан кейін бір айдан кейін бала жоспарлауға болатынын жеткізді.

Сонымен қатар екпеден босатылатын ауру түрлерін білу үшін денсаулық сақтау министрлігінің 146 бұйрығымен танысып шығуға кеңес берді.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

14:34
1421

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020