БАЛАЛАРҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚПЕН...

Аталған мәселені шешуде он жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан республикалық «Мектепке жол» акциясының рөлі ерекше. Жыл бойына ұйымдастырылатын акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына киім-кешек және сабаққа арналған қеңсе тауарлары үлестіріліп жатыр. 

Жезқазғандық өрендер биыл да осы акцияның шапағатынан құр қалмады. Осындай кезекті акция ұйымдастырылуына қалалық «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Шараға «Қазақмыс» корпорациясы еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» жастар одағы, «Жәкенова», «Исина А.Б.» жеке кәсіпкерліктері қаржылай қолдау көрсетті. Сонымен қатар акцияға Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары, Жезқазған байыту фабрикасының басшысы Мұрат Бөрібаев пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Жезқазған аймақтық әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасының басшысы Сабыржан Тембаев және «Жезказганский вестник» газеті редакциясы қолұшын созды. 

Жезқазған қалалық жастар ресурстық орталығының және «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері демеушілер қаржысы есебінен аз қамтылған және көпбалалы 30 отбасы балаларына мектеп сөмкесін және сабаққа қажетті құрал-жабдықтар алып берді. Жыл бойы жалғасын табатын акцияға кез келген тұрғын қатысып, жанашырлық таныта алады.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

14:17
1160

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020