​ЕРТЕҢНЕН БАСТАП ЕЛДЕ БІРҚАТАР ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен брифинг өтуде.

Онда   вице-премьер Тоғжанов 13 наурыздан бастап елде шектеу енгізілетінін айтты. 

«Орта білім беру ұйымдарын каникулға 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге шығуын қамтамасыз етеміз. 16 наурыздан бастап, колледждер мен ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшеді. Оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылады», — деді ол.

Мерекелік іс-шаралар, адам көп жиналатын жиындар тоқтайды. Әлеуметтік нысандар залалсыздандырылады. Спорттық жарыстар да кейінге шегерілетін болды. Мектеп оқушылары да белгіленген мерзімнен бұрын каникулға жіберілмек.   

«13 наурыздан бастап мерекелік, спорттық, мәдени көпшілік іс-шаралар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықтық қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда-базарларда, қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді орнатамыз. Үшіншіден, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орталықтарына баруға тыйым салынады. Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынады. Қоғамдық көліктер жуылады, дезинфекцияланады», — деді вице-премьер.

11:45
716

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020