ІС СОТҚА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Өткен жылдың қараша айында Сәтбаев қаласында орын алған жантүршігерлік кісі өлімі біраз жұртты елең еткізіп, қарсылық тудырған еді. 28 жастағы Дәулетбек Алтынбековті өз танысы кафеде пышақтап кеткен болатын. Көп мөлшерде қан жоғалтқан Дәулетбек қайтыс болды. Марқұмның туыстары қылмыскер лайықты жазасын алуын талап етіп жанұшыруда.

Сәтбаев қаласының соты аталған іс бойынша кісі өлтірді деп емес, аңдаусызда кісі өміріне қауіп төндірген деген айыппен із жүргізуде. Бұл істі судья Гүлназ Жақсылықова жүргізетін болады. Зерттеу нәтижесінде судьяның аталған іспен әлі де танысып жатқандығы, басты сот шешімі тағайындалмағаны анықталды.
11:41
307

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020