​Сәтбаев қаласында танысының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды.

Сәтбаев қаласында танысының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды. Бұл туралы Жезқазған қаласы полиция басқармасының инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. 26 қаңтар күні Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзінің атынан белгісіз біреудің 124 000 теңгеге несие рәсімдегенін айтып шағым түсіреді. Жәбірленуші өз атынан несие рәсімделгенін телефонына банктен үстемеақыны төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген. 

Тергеу шаралары барысында осыдан үш апта бұрын жәбірленушінің өз танысына қоңырау соғу үшін телефонын бергені анықталды. Нәтижесінде 31 жастағы азаматша ұсталып, өз қылмысын мойындады. Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес іс қозғалды. 

13:11
413

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020