Қарағанды гарнизонын өз бетімен тастап кеткен сарбаздар ұсталды

Қорғаныс министрлігі өкілі Қарағанды гарнизонын өз бетімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі сарбаздар ұсталғанын мәлімдеді.

Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің орналасқан жері анықталды. Олар ұсталды», — делінген хабарламада.
Кінәлілер тергеу нәтижелері бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Қарағанды гарнизонында сарбаздар әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткені хабарланды.
22:16
399

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020