АЯҚ КИІМ ШЕБЕРХАНАСЫНАН ЕКІ АДАМНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Қарағандыда өрт кезінде аяқ киім жөндейтін шағын шеберханадан екі адам өлі табылды. Облыстық ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.

10 ақпанда түнде аяқ киім жөндеу шеберханасы ретінде пайдаланылған Сатыбалдин көшесіндегі шағын контейнерде өрт шыққан. Куәгерлер өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Олар жанып жатқан бөлмеден екі адамның денесін тапты.
«Сатыбалдин көшесіндегі бөлек тұрған контейнер, яғни аяқ киім жөндейтін шеберхананың ішкі ағаш қаптамасы жанған. Жалпы ауданы 4 шаршы метр болады. Өртке қарсы қызметкерлер келгенге дейін шеберханадан екі адамның денесі шығарылды. Олар — 1980 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйел», — деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство қызметкерлері өлімінің мән-жайын және өрттің себебін анықтап жатыр. Қайтыс болғандар түнде шеберханада не істегені әлі белгісіз
18:42
469

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020