СӘТБАЕВТА ОҚУШЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫН ТАРТЫП АЛҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Сәтбаевта оқушының телефонын тартып алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 ақпанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны арызданған. Көшеде белгісіз біреу сабаққа бара жатқан 12 жастағы ұлының ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шарасында криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған әйел кінәсін мойындады. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

15:18
806

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020