​Су тасқыны кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеті бойынша ЖАДНАМА

Су тасқыны кезіндегі тұрғындардың

іс-әрекеті бойынша
ЖАДНАМА

Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргізілген іс-шаралар көктемгі су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкіндік береді.
Қауіп қатерлі кезеңде жіберілетін гидрометеоқызметінің хабарларын және тиісті ТЖ органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.
Егер сіздің тұрған үйіңіздің су басатын жер шекараларын күру мүмкіндігі болса, сізге келесі ережелерің істеу қажет:
 көшелерді, аулаларды, ғимараттардың төбелерін, өтулерді, кіру және шығу жерлерін, су құбырларын, су жүретін жерлерді қардан алдын ала тазарту;
 шұғыл көшетін болған жағдайға, үш тәулікке жететін тамақ және су қорын, тиісті құнды заттарды, жылы киім, дәрі-дәрмектерді дайындап қойыңыз;
 ұдайы дайындықта ақша, құжат, құнды қағаздарды ұстаңыз;
 үйлеріңізді, пәтерлеріңізді қорғау үшін қажетті жұмыстар жүргізу: есіктер мен әйнектерді бекіту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерін және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауіпсіз орынға жеткізу
 көшу жеріңізді және қауіпсіз орын алдын ала анықтап алыңыз, жай ғана жүзу құралдарын дайындаңыз
 үй жануарларын, мүлкіңізді алдын ала көшірініз, өзендердің арнасында үй жануарлардың болмауын қамтамасыз етіңіз.
Судың аяқ астынан дүркін ағуы болған жағдайда және су деңгейі көтеріле бастаса:
 жылдам кету туралы көршілеріңізге айтыңыз, қажет болса қартар мен науқастарға көмек көрстеіңіз. Қандай жағдай болмасын, сабыр сақтаныз, үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасаңыз;
 есіктер мен әйнектерді жабыңыз, электр, газды және пештегі отты сөндіріп кетіңіз.
 үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етубойынша барлық шараларды қабылдаңыз, қора есіктерін, қақпаларды ашып, малды бос жіберіңіз;
 су өткізбейтін киім киіңіз, өзіңізбен құжаттарыңызды, ақша, бағалы қағаздарды, ішетін су қорын, тамақ, дәрігерлік қобдишасын, ең қажетті заттарыңызды алыңыз да ғимараттан кетіңіз;
 егер үйден өздігінен кете алмасаңыз, жедел қызмет (112, 101, 102, 103), туысқандардың, жақындардың телефондарына хабарласыңыз. Көмеке келгенге дейін төбеге (үйдің немесе басқа құрылыстардың) көтеріліңіз.

Сізді түнгі уақытта құтқарушылар жылдам тауып алу үшін, оларға фонарикпен, айқайлап немесе басқа түрдегі белгілер беріңіз!

 суға батқан азық-түліктерді жемеңіз, қайнатылған су ғана ішіңіз;
 үйден кетуден бас тартпаңыз! Сіздің үйіңіз ішкі істер органдары мен жергілікті биліктің өкілдерінің қорғауында болады.
Ата-аналар және оқытушылар! Балаларды суаттарға жібермеңіз, әсіресе мұз жүру уақытында, оларға суаттарды ашу кезде мұзда болуы, жарда және шайылған жағалауда болуы қауіпті екенін алдын ала ескертіңіз.
Тұрып жатқан үйіңізге судың келгені туралы дерегін,
Жезқазған қаласының әкімдігіне және ТЖБ хабарлаңыз,
телефондар: 73-61-35, 76-80-45 немесе 112.
Әр жағдайда өзіңді сенімді ұстап, үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасап,
бірінші кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете біліңіз!

11:36
975

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020